• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2019

Бойжеткен суицидке неге жүгінді?

763 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласындағы Сырдарияның үстіне тартылған көпірден секірген жас қызды құтқарушылар ажалдан аман алып қалды.

Жас өмірімен қоштасқысы келген он жеті жасар қыз бала бүгінде қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өткен жылы да осы көпірден адам секіргендігін айтады.

Он екіде бір гүлі ашылмаған жасөспірімді мұндай қадамға баруға итермелеген себептер болуы мүмкін. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктерге шыдай алмай өзін-өзі өлтіруге итермелегендер кейін есін жиғанда осы жаншошырлық қылығының тек қана ақымақтық екендігін түсініп жатады. Бүгінде ішкі істер органдары мамандары жас қыздың мұндай қадамға неге барғаны жөнінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.