• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2019

Ақтауда вагонда тұрып келген отбасыға пәтер берілді

1091 рет
көрсетілді

Ақтау қаласының жомарт жандары 6 баласы бар отбасыға жаңа салынған үйлерден екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Көпбалалы отбасы осыған дейін шаһар іргесіндегі иесіз жатқан өндірістік аймақтағы темір вагонды паналап келген. Мұндай сыйлықты күтпеген «Күміс Алқа» иегері Нағима Көпжасарованың қуанышында шек жоқ. Оның 2 бірдей баласы мен жолдасы бірінші топтағы мүгедек. «Енді олардың жылы да жайлы үйде тұруына мүмкіндік туды»,-дейді көпбалалы ана Нағима Көпжасарова. Қоныс тойын тойлауға игілікті іске ұйтқы болған жергілікті билік пен «Ақжүніс» аналар қоғамының өкілдері де келді. 30 шағынаудандағы пәтер «K7 Grouр» құрылыс компаниясының демеушілігімен берілді.  

- Бүгін қуанышты күн. Біздің отабсымыз үшін керемет жаңалық болды. Әлі де толқып тұрмын. Қыздарым қатты қуанып жатыр. Мұндай пәтерге қол жеткіземін деп ешқашан ойлаған жоқпын. Қуаныштымын, қолдау көрсеткен жандарға Алла разы болсын!-дейді көп балалы ана Н.Көпжасарова. 

 Демеушілер енді отағасы Серіктің өз кәсібін ашуға қолдау көрсетпек ниетте. 

Маңғыстау облысы