• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2012

Темір жолдағы жемқорлық

307 рет
көрсетілді

Темір жолдағы жемқорлық

Сәрсенбі, 4 сәуір 2012 7:30

Қазір ел мен елдің, өңір мен өңір арасындағы қатынас пен алыс-беріс, барыс-келіс жиілеп, барынша артқан тұста көлік прокуратурасына жүктелетін міндеттің салмағы батпандай. «Талдықорған» көлік прокура­турасының прокуроры Мейрам Елікбаевқа арнайы жолығып, өңірдегі көлік саласындағы заң­дылықтардың орындалуы жайлы пікірлесудің сәті түскен еді. Мейрам Мұратұлы сұрақтарға жауап беріп, темір жолдағы заң­сыздықтар, жемқорлық туралы мерзімі өткен тепловоздарды пайдалану арқылы жолаушы және бүкпесіз ортаға салды.

Елбасының биылғы Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында айтылған: «Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен ке­сім­ді күрес. Біздің бұл бағыт­тағы іс-әрекеттеріміз мемлекет­тік аппараттағы сыбайлас жем­қорлық деңгейін едәуір төмен­детті. Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда. Алайда, бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет», деген тапсырмасын басшылыққа алынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барынша күшейту арқылы біраз істің тиянағы келтірілді. Осы тұрғыдағы заң талаптарының «Қазақстантеміржолы» ҰК» АҚ Үштөбе электрмен қамту дистансасында орындалуын тексеру нәтижесінде осы ұйымның бас бухгалтері Ошақбаеваның үстінен жемқорлыққа қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғал­­ған. Бас бухгалтер өзінің және өзіне бағыныштылар еңбекақы­­сына 10 млн. теңге көлемінде заңсыз үстеме қосу арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Қазіргі кезде тергеу аяқта­лып, қылмыстық іс соттың қарауына жөнелтіліпті.

Алматы қаласы мен облысы бойынша «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекция­сы­ның осы мәселеге қатысты қызметіндегі заң бұзушылықтар «Нұр Отан» партиясының отырысында қаралып, темір жол тасымалына қауіп төндіретін келеңсіздіктерге жол берген инспекция бастығы қатаң жазаға тартылып, кейіннен лауазымынан босатылыпты. Тексеру барысында Алматы көлік және коммуникация колледжі жанын­дағы техникалық мектепті бі­тір­гені туралы жасаған жалған құжатпен тепловоз машини­сі­нің көмекшісі ретінде жұмысқа орналасу арқылы көлік қозға­лысындағы қауіпсіздікке қайшы әрекетке барған Берденбековтің үстінен қылмыстық іс қозға­лып, жалған құжатпен жүк жә­не жолаушы тасуға қатысқа­н­дық­тан жауапқа тартылды.

Талдықорған темір жол стан­­сасының бастығы Б. Орал­баев­қа қатысты қозғалған қылмыс­тық іс бойынша сот үкімі шы­ғып, жемқор басшы жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Күмісжан БАЙЖАН,

Алматы облысы.