• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 08 Сәуір, 2019

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

1446 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болып Әсет Масабаев тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әсет Масабаев Алматы Энергетика және байланыс институтының түлегі. Еңбек жолын «Алматы электр станциялары» компаниясында электромонтер болып бастаған, кейін түрлі энергетикалық кешендерде бас энергетик, техникалық директор қызметтерін атқарған.

Әр жылдары қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары болған.

Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасында (қазір Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы) энергиямен-жылумен қамту бөлімінің маманынан ведомства басшысының орынбасарына дейін көтерілген.

Басқарма басшысының алдына қаланың болашақ дамуына ықпал ететін энергия тиімділігі мен қауіпсіз инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша бірқатар нақтылы міндеттер қойылды.