– Елбасы медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруда бірқатар тапсырмалар берді. Біздің сапарымыздың мақсаты – үш мәселені, яғни, учаскелік дәрігерлердің жалақысының өсуі, ауруларды басқару бағдарламасы және медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістерді мамандарға түсіндіру. Елбасы Жолдауындағы тағы бір тапсырмаға сәйкес биыл «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жобасы дайындалуда. Осыған сәйкес, еліміздің түкпір-түкпіріндегі медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, туындап жатқан мәселелер сараланады,- деді ДСМ жауапты хатшысы Болат Төкежанов.
Жұмысшы топ қаладағы басқа да медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, диагностикалық орталықта медициналық қызмет көрсету стандарты сынды бірнеше тақырыптар бойынша семинарлар өткізді.