• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2019

Қазақстан мен Швеция арасындағы дипломатиялық қатынасқа - 27 жыл

2272 рет
көрсетілді

Қазақстанның Стокгольмдегі Елшілігі 2013 жылы ашылды. Еліміздің Швециядағы бірінші Елшісі – Дастан Елеукенов болды. 2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстанның Швециядағы Елшісі – Қайрат Әбдірахманов. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Швецияның Қазақстандағы Елшілігі 2010 жылы ашылды. 2017 жылғы қазаннан бері Швецияның Қазақстандағы Елшісі – Матс Фойер. 2004 жылы қазанда екіжақты қатынастардың тарихында алғашқы рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Швецияға ресми сапары болды. Соңғы жылдары Швецияның үкіметтік және іскерлік топтары Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен қызығушылық танытуда. 2015 жылы Швецияның Үкіметі Қазақстанды швед өнімін экспорттау үшін 26 басым елдердің тізіміне енгізді. Швеция Қазақстанның Солтүстік Еуропа мемлекеттерінің ішіндегі басты сауда әріптесі болып келеді. 2018 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 448,4 млн. АҚШ долларын, соның ішінде, Қазақстаннан экспорт – 305,2 млн., ал Швециядан импорт – 143,2 млн. долларын құрады. Қазіргі кезде Қазақстанда денсаулық сақтау, телекоммуникациялық технологиялар, энергетика мен қоршаған орта, көлік, білім беру және т.б. салаларда қызмет істейтін швед компанияларының 30-дан астамы ұсынылған. Олардың ішіндегі 15 компания Қазақстандағы өздерінің өкілдіктерін Орталық Азияның басқа мемлекеттерінде бизнес жүргізу үшін қолданады. Қазақстанда Швецияның Ericsson, Volvo, Scania, ABB, Atlas Copco, Electrolux, Oriflame, H&M сияқты ірі компаниялары қызмет етеді. Ал, Ericsson компаниясы Қазақстандағы ұялы байланысты қамтамасыз ететін құрылғылардың үлкен бөлігін құрайды. Қазақстандықтар күнде сүт, шырын ішетін Tetra Pak қаптамасы Швецияда шығарылған.