Польшаның Торунь қаласында өтіп жатқан семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Бағдәулет Құралбекұлы алғашқы сегіздікке енді деп хабарлайды Olympic.kz.
Саблямен семсерлесуден жасөспірім ерлер арасындағы бәсекесінде Бағдәулет болашақ әлем чемпионы, италиялық Рома Лоренцодан бір ұпай айырмашылығымен жеңілді. Есеп – 14:15.
Алғашқы төрттікке ене алмаған қазақстандық ноян жалпы есепте 8-ші орын иеленді.
Әлем чемпионатында саблядан бөлек, рапира мен шпагадан жекелей және командалық сында жеңімпаздар анықталмақ. Жарыс 14 сәуірге дейін жалғасады.