«1439 байланыс орталығының нөміріне жүгіну жеке өңделеді, мәселені шешу байланыс орталығы операторының науқасқа қоңырау шалу арқылы белгіленеді. Байланыс орталығының жұмысы барысында азаматтардан 10 мың өтініш келіп түсті, оның 5 мыңы – 2019 жылдың 1 тоқсанда келіп түсті», деді Берік Шәріп.
Сонымен қатар, бірыңғай дистрибьютордың басшысы компания порталында медициналық ұйымдардағы дәрілік препараттардың қалдықтары бойынша интерактивті анықтамалықтың іске қосылады.
«Енді медициналық ұйымдардың дәрілік препараттарға өтінімдері науқастар үшін одан әрі ашық болды: анықтамалық интерактивті карта форматында орындалды, онда науқастар медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға өтінімі бойынша барлық ақпаратты: медициналық ұйымның іздестірілетін препаратқа өтінім орналастырылды ма, қандай мөлшерде және қандай кесте бойынша, сондай - ақ оның ағымдағы сәтте және келесі жеткізілімдердің жоспарланған мерзімдерінде болуын онлайн-режимде көре алады», деді «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының м.а.
Интерактивті анықтамалықты пилоттық тестілеу 1 тоқсанда жүзеге асырылған болатын, ал 1 сәуірден бастап барлық науқастар үшін жұмыс режимінде жұмыс істеді.
Сондай-ақ, Берік Шәріп өңірдегі дәрі-дәрмектерді жөнелту барысы туралы да айтып өтті.
Оның мәліметінше, еліміздің медициналық ұйымдарына қазіргі уақытта 33,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек жөнелтілген. Қазақстанда 1 тоқсанда 14 млрд теңгеге шамамен 2,1 рецепт жазылып, қазақстандықтар рецепт бойынша 13 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды.