• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2019

Елордада сүрілген үйлердің орнында желекжолдар мен гүл бақтары пайда болады

1042 рет
көрсетілді

2018 жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасы бойынша сүрілген үйлердің орнында желекжолдар мен гүл бақтары пайда болуда деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мақсат – азаматтардың тұрмысы мен тынығуы үшін экологиялық таза жағдай жасау, оларға отбасыларымен бірге демалуына ыңғайлы жағдай жасау. Желекжолдар мен гүл бақтары толығымен абаттандырылып, көгалдандырылмақ. Сондай-ақ, олар жарықпен қамтамасыз етіледі, спорттық және балалар ойын алаңдары, шағын архитектуралық нысандар орнатылады. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметтері бойынша, 2019 жылы келесі саябақтар мен гүл бақтарының құрылысы жоспарланған: І.Есенберлин көшесінің алаңы, № 36 үй ауданы. Гүл бағының жалпы ауданы –  4783,9 шаршы метр, құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың мамырынан шілде айына дейін жүргізіледі деп жоспарланған. Б.Майлин көшесі № 9 үйдің жанындағы алаң. Гүл бағының жалпы ауданы – 7521,7 шаршы метр. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізілуде. Құрылысты аяқтау мерзімі – 2019 жылдың шілдесі. Молдағұлов көшесіндегі гүл бағы, № 19 және № 21 үйлердің ауданы. Қоғамдық гүл бағының ауданы 14113,9 шаршы метрді құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізілуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2019 жылдың қыркүйегі.  Сарыарқа даңғылындағы № 23 үйдің жанындағы гүл бағы. Жалпы ауданы – 5917 шаршы метр. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін жалғасады деп жоспарланған. Абай даңғылындағы желекжол, Күлтөбе көшесінен Сембинов көшесіне дейін және Егемен Қазақстан көшесінен Б.Бейсекбаев көшесіне дейінгі аумақ. Желекжолдың ауданы – 9087 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізілуде. Жұмыстар 2019 жылдың қыркүйегінде аяқталмақ.  Жеңіс даңғылының және А. Жангелдин көшесінің қиылысындағы желекжол. Құрылыс ауданы – 3087,6 шаршы метр. Жоспарға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың маусымында басталып, қыркүйек айында аяқталады.