• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 08 Сәуір, 2019

Арман Жұмабеков Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

944 рет
көрсетілді

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. А. Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Түрлі жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, Премьер-Министр Кеңсесінде, Президент Әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген. 

2018 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.