• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2019

Еліміздің Батысындағы әскери бөлімдер кешендік тексеріс тапсыруда

1152 рет
көрсетілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен жауынгерлік қабілеті деңгейін бағалау үшін бақылау тексеріс өтуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов хабарлады.

Негізгі мақсат жеке құрамның машығын, взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдер батальондары басқармаларының жауынгерлік даярлығының шынайы деңгейін жан-жақты тексеру, сондай-ақ бөлімшелер мен олардың басқару органдарының жауынгерлік даярлығы мен үйлесімділігі деңгейін бағалау, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуына баға беру.

Қорғаныс министрлігінің арнайы кешенді комиссиялары Ақтөбе, Ақтау және Атырау гарнизондарында сәуір айында жұмыс жасайды. Тексерілетін пәндер қатарында атыс, тактикалық, арнай даярлық, жауынгерлік машиналарды жүргізу, инженерлік, дене және саптық даярлық. Комиссия сондай-ақ бағынысты құрамаларда жауынгерлік даярлықты басшылыққа алу жөнінде лауазымды адамдардың жұмысының ұйымдастырылу жүйесін, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуы мәселелерін тексереді.

- Әрбір әскери қызметшіге жеке дара тәртіпте және бөлімшелер құрамында теория жүзінде ғана емес, сонымен бірге, практика жүзінде емтихан тапсыруға тура келеді. Оқыту пәндері бойынша бақылау сабақтары бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінде және оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда өтуде, дейді капитан Р.Игисинов.