• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2012

Кадрлық әлеуеттің деңгейі артады

301 рет
көрсетілді

Кадрлық әлеуеттің деңгейі артады

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:43

Мемлекеттік құрылыстың тұрақты­лығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ел дамуы­ның барлық кезеңінде аса жауапты іс. Бұл орайда, Мемлекет басшысы жүргізіп отыр­ған құқық қорғау жүйесін реформалау осы мақсаттың маңыздылығын айқындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында қой­ыл­ған міндеттерді іске асыру шеңберінде, Елбасының күні кешегі «Қа­зақ­стан Респуб­ли­касы құқық қорғау ор­гандарының қыз­мет­керлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығы бұл тұрғыдағы шешуші қадамдардың бас­тал­ғанын білдіреді. Ендеше полиция қыз­меткерлерінің ғана емес, бүкіл қоғам мү­ше­­лерінің көңілінен шыққан құжат салалық өзгерістерге серпінділік әкелетіні сөзсіз.

Міне, соған орай, бұл күндері Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің кадрлық қызметі қауырт жұмыстар құша­ғын­да. Бар­лық құрылымдық жүйелерде Жарлық мәтіні мен Ережелерін түсіндіру, оны жүзеге асыру бойынша жұмыс органдары құрылды. Қазір департамент штатында үш мыңнан ас­там адам бар. Кадрларды іріктеу жүйесін жеті­л­діру, оларды орналастыру, жеке құрам­ды оқыту мен қайта даярлықтан өткізу, айналып келгенде, сапа­лық құрамды қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейтін дәстүрлі ісіміз. Осы орайда, жыл ішінде қатарымызға 114 жас қызметкер қосылғанын, тағы да 25 кур­сант­ты арнайы жолдамамен күтіп отырғаны­мыз­ды айтқым келеді. Яғни, қатарымыз жыл санап жасара түсуде.

Полиция қатарына конкурстық тәртіппен қабылдау бізге еркін іріктеу мүмкіндігін беріп отыр. Ал басшы құрамға 200-ден астам қызметкер үміткер ретінде тіркелген. Олар кәсіби және ұйымдас­тырушылық қабілетімен танылған жандар. Сондай-ақ, бізге департаменттегі ардагерлер кеңесі, офицерлік және полициялық жиналыстар кезектен тыс аттестаттаудан өткізуде үлкен көмекші болатынына сене­міз. Бұл белсенді қоғамдық ұйымдар былтыр 123 офицерлік және 112 полициялық жиындарды өткізуге ұйтқы болды. Онда қызметтік-әскери тәр­тіпті бұзуға қатысты 114 тәртіптік мәселе қаралып, 45 қызметкер әкімшілік жауап­кершілікке тартылды. Ішкі істер депар­та­ментіндегі тәртіп­тік кеңестің 14 мәжі­лісінде 23 мәселе қаралып, сыбай­ластық көріністегі әрекет­тері үшін 8 адам қыз­метінен босатылды. Осы мысалдардың өзі Елбасы Жарлығына сай өткізілетін кезектен тыс аттестаттау талап деңгейінде жүргізілетінін көрсетеді.

Мейрам ӘБІКЕЕВ, Ақмола облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі.

КӨКШЕТАУ.