• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Сәуір, 2019

Велосипедпен Оман сұлтандығына жетті

1102 рет
көрсетілді

Бүгін Оман сұлтанатындағы Қазақстанның дипломатиялық корпусына атақты велошабандоз Талғат Жұмабеков ат басын тіреп, қазақ дипломаттарымен кездесті.

Ол кездесуде 4 жылдан бері  велосаяxат жасап жүргенін айтты.  Бұған дейін 39 елде болған, Оман қырқыншы! Оманға Дубайдан  екі аяқты көлігімен келген. Жезқазғанның тумасы, Меккеде қажылықта болған.   

Талғат бұған дейін Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерін велосипедпен аралап өткен. 50 жастағы Талғат Жұмабековтың  әлемді аралаудағы төртінщі  сапары. Осыған дейін саяхатшы Испания мен Египеттің бірнеше қаласына екі дөңгелекті көлігімен барып қайтқан.  Туған жерден басталған сапарында Түркістанда аялдап, Түркіменстанды басып өтіп, Иранға, әрі қарай Араб Әмірлігіне жетіпті. 

«Жалпы жолға бір ай уақыт кетеді.  Біздің ата-бабаларымыз қажылыққа бір кездері жаяу немесе түйемен, атпен жылдар жүріп жеткен. Ал мен осы сапарымда қысқаметражды фильм түсірсем бе деп жоспарлап қойдым. Мүмкін аталарымыз жүріп өткен жолдан қызықты бір жайттар кездесіп қалар. Ал маған ауа райы сапарыма кедергі келтіре алмайды. Ал егер күн райы бұзылып жатса, әрине қиындық алып келері сөзсіз», -дейді ол.

АЛМАТЫ