• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Сәуір, 2019

Халықаралық бизнес-форумға қатысуға шақырды

960 рет
көрсетілді

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түй­мебаев Татарстан Республикасының Қазақ­стан­дағы өкілетті өкілі Денис Валеевпен кездесті.

Кездесуде тараптар өзара сенімді нығайту, бірлік пен келі­сімді сақтау саласындағы екіжақты қатынастардың мәсе­ле­лерін талқылады. ҚХА Төра­ғасының орынбасары өзара қа­рым-қатынас жоғарғы деңгейде екенін және ҚХА өз тарапынан осы ынтымақтастықтың дамуына барынша ықпал ететінін атап өтті.

Ж.Түймебаев қазіргі уақытта Қазақстанда татар этносының 200 мыңнан астам өкілі өмір сүріп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ Ассамблея Төрағасының орынбасары барлық татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері «Қа­зақ­стандық татар және башқұрт конгресі» бірыңғай респуб­лика­лық қоғамдық бірлестігінің құра­мына енетінін айтты. Қауым­дас­тық татар мәдениетін сақтау мәсе­лелері бойынша ғылыми-тәжі­рибелік конференциялар өткізеді, кітап басып шығарады, соны­мен бірге жыл сайын «Ер­тіс әуендері» музыкалық фес­ти­валі мен түрлі іс-шаралар ұйым­дастырады.

«Өткен жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Респуб­ли­касына барды. Биыл мамыр айында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минни­ха­новтың Қазақстанға сапары күтілуде. Алматы облысында Са­бан­той мерекесін өткізуді жос­парлап отырмыз», – деді Ж.Түй­мебаев.

Денис Валеев қазақ және татар тілдерінің ұқсастығын атап өтті. «Қазақстандағы отандас­тар­мен соңғы кездесу кезінде этнос арасында татар тілін сақтау ту­ралы кезекті сұраққа орай біздің Президентіміз Рустам Мин­ниханов: «Қазақ тілін үйреніп, татар тілін жақсы білетін болыңдар» деді. Біздің тіліміз соншалықты ұқсас», – деді спикер.

Татар этносының қоғамдық ұйымдарына қатысты өкілетті өкіл бүкіл республика бойынша татар ұлттық мерекелерін өткізуге қолдау көрсетілетінін және этнос өкілдері Қазақстанда өз үйлерінде тұрып жатқандай сезінетінін атап өтті.

Сонымен бірге Денис Ва­леев айтып өткендей, жаңа индус­триялық жобалар, соның ішінде аутсорсингтік технологиялар, мұнай химиясы және басқа да салалар әзірленуде.

Жансейіт Түймебаев ҚХА сауда саласын дамытуды жос­парлап отырғанын хабарлады. «Біздің институттың құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәс­іпкерлер қауымдастығы жұ­мыс істейді. Қазан айында біз Ассамблеяның Халықаралық бизнес-форумын және тарихи шығу тегі бір елдермен жүзеге асырылатын түрлі этнос кәсіпкерлерінің бірлескен жобаларының көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бізді сіздердегі бизнес-жобалар қызықтырады, осыған байланыс­ты Татарстан бизнесмендерін атал­ған іс-шараға белсенді қаты­суға шақырғаныңыз жөн болар еді», – деді ол.

 Кездесу соңында Жансейіт Түй­мебаев Татарстан Республи­ка­сы­ның өкілетті өкіліне «Қазақ­стан халқы Ассамблеясы ел тарихында» кітабын табыс етті.