• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2012

Бағытты да бағдарлы шешім

375 рет
көрсетілді

Бағытты да бағдарлы шешім

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:47

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢАРУ

Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнау­лы органдарды сапалы кадрлық жаңар­ту. 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын.

Одан кейін құқық қорғау жүйесі қызмет­кер­лерінің ақшалай ризығын арттыру мен қол­даудың әлеуметтік дестесін кеңейту, сондай-ақ олардың техникалық жарақ­танд­ы­ры­луы мәселелері қа­ра­луға тиіс.

 

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:47

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢАРУ

Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнау­лы органдарды сапалы кадрлық жаңар­ту. 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын.

Одан кейін құқық қорғау жүйесі қызмет­кер­лерінің ақшалай ризығын арттыру мен қол­даудың әлеуметтік дестесін кеңейту, сондай-ақ олардың техникалық жарақ­танд­ы­ры­луы мәселелері қа­ра­луға тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауынан.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақ­­стан Республикасы құқыққорғау органда­ры­ның қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауданөткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық құ­қық қорғауоргандарының жеке құрамынан 110 мыңға жуық адам аттестат­тау­данөтеді. Мемлекет басшысының Жар-лығымен Қазақ­стан Рес­публикасыПрезиденті жанындағы Жо­ғары аттестаттау комис­сия­сы туралыЕреже бекітілді. Бұл аттестат­тау­дың мақсаты – құқық қорғау жүйесіқыз­мет­кер­лерінің кәсіби дайын­дық дең­гейін және олар­дың қазіргізаманғы талаптарға сәйкес­тігін анықтау, аталған орган­дардымо­раль­дық-адамгершілік қасиеттері тө­мен және жем­қорлық әрекетіарқылы жалпы мемле­кет­тің беделін түсіретін біліксізқызмет­керлерден тазарту болып табылады. Ал аттес­таттауды өт­кізуережесіне сәйкес, елімізде құ­рамын­да 500-ден астам адам болатын90-нан аса аттес­таттау комиссиялары құрылады. Барлық комиссияқұрамына Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, жұртшылықтың,партиялардың, ардагерлер ұйымдары мен БАҚ өкілдері кіреді.Аттестаттаудан өткен адамдар туралы жұрт­шылық пікірін ескеру үшінПрезиденттің ресми сайтында арнайы айдар да ашылмақ. Кезектен тысаттестаттау туралы барлық жұ­мыстар үш кезең бойынша жүргізіліп,ағым­да­ғы жылдың соңында аяқталады. Бүгін біз осы республикабойынша құқық қорғау ор­ган­дары қызмет­керлерін кезектен тысаттестаттаудан өткізу туралы Президент Жар­лы­ғына орай еліміздіңтүкпір-түкпірінен өз көзқарастары мен жүрек­жарды ойларын жеткізгенбірнеше адам­ның пікірлерін ұсынып отырмыз.

 

БАҒЫТТЫ ДА БАҒДАРЛЫ ШЕШІМ

Елбасының тапсырмасы бо­йынша «Қазақстан Респуб­ли­касы құқық қорғау орган­дары­ның қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу ту­ралы» Жарлығына сәйкес Президент  әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин жақында осы сала же­тек­­шілерінің қатысуымен ке­ле­лі кеңес өткізді. Ол туралы материалды оқып шығып, ой құша­ғына еріксіз берілдім.

Мен өзім ұзақ жылдар құ­қық қорғау саласында, дипло­ма­тиялық қызметте еңбек етіп жүріп, мына бір өмірлік қағи­да­ны есте сақтауды міндет сана­дым. Тәуелсіздік алғанына 20 жыл ғана толса да қазір Қазақ­стан­ды, оның Президенті Н.На­зар­баев­­ты бүкіл әлем жұрт­шы­лы­ғы біледі. Осынау қысқа мер­зімде еліміз асқар асулар мен биік белестерді аттап өтті. Яд­ро­лық апат әкелген Семей по­ли­гонын Елбасы бірінші болып жауып тастады. Соңғы екі-үш жылда ел есінде қалатындай елеулі оқиғалардың өтуі де Ел­ба­сының кемеңгер саясатының жемісі. Қаржы дағдарысы жаға­дан алса да Қазақстан халқы қы­сыла қойған жоқ, себебі қорда мол қаржымыз бар.

Демек, тұрақтылықты сақтау үшін, ең алдымен, бізде темір­дей тәртіп, елін сүйетін патриот­тық сезім қалыптасуы керек. Міне, осы орайда, Елбасының құқық қорғау саласы қыз­мет­керлерін аттестациядан өт­кізу туралы Жарлығы дер ке­зінде қабылданған шара деп есеп­теймін. Жеке құрамды бі­лікті де адал, өз ісін сүйетін мамандармен толықтырып алсақ, тәртіп орнайды. Ал темірдей тәртіп, табыс кепілі. Жасырары жоқ, осы салада қызмет ететін некен-саяқ адамдардың жат әре­кеттерге барып қалуы, меніңше сүзгіден өткізу кезіндегі «әтте­генай­ларға» байланысты болса керек. Еліміз бойынша 110 мыңнан астам адам енді нағыз аттестациядан өтуі тиіс. Комиссия мүшелері қатаң талап қойса, құқық қорғау саласында кем­ші­ліктер бола қоймас.

Болатбек ИМАНҒАЛИЕВ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өскемен қаласындағы консулы.  

ӨСКЕМЕН.