Бейсенбі, 19 сәуір 2012 7:52
Қазақстан әлем елдерінің барлығымен дерлік іскерлік байланыс жасайды. Елімізден экспортқа шығарылатын тауарлар қатары көбейді. Соған орай импорттық тауарлар тұтынушы сұранысына сай елімізге ағыла түсуде. Ал Қазақстанға іскерлік байланыспен, туристік сапарлармен келетін шетелдіктердің шоғыры да жыл сайын көбеюде. Ел аумағымен Еуропадан Ресейге, Орталық Азия елдеріне баратын транзитті жолаушылар және бар. Сол шетелдіктерді еліміздің шекарасынан алдымен кеденшілер қарсы алады. Елімізден шетелге шығатын, ал шет мемлекеттерден Қазақстанға келетін шетелдіктердің құжаттарын тексеріп, «Қазақстанға хош келдіңіз!» дейтін де алдымен осы кеденшілер.

Сол себептен, кеденшіге де қай кезде де кәсіби тұрғыдан біліктілік қажет. Өзінің атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарайтын әр кеденшінің біліктілігін арттыра түсуіне кезектен тыс өтетін аттестаттаудың оң септігі тиеді деп есептеймін. Қазақстан кеденшілерінің, соның ішінде Атырау облысында кедендік ресімдеу құжаттарын жүргізетін кеденші-әріптестерімнің біліктілік деңгейінің жоғары екендігіне сенімдімін. Өйткені, біздің өңірде кедендік бақылау саласының бастауы еліміз КСРО құрамында болған сонау 1989 жылдан басталады. Содан бергі кезеңде Атырау кеденшілерінің өзіндік мектебі қалыптасты. Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінен тәжірибелі кеденшілер өсіп шықты. Біздің департаментке жетекшілік еткен тәжірибелі кеденшілерге Кедендік бақылау агенттігін басқару жауапкершілігі жүктелгенін мақтаныш етеміз.
Атырау кеденшілері ұдайы ұлттық экономикамыздың экономикалық, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Мәселен, биылғы бірінші тоқсанда кедендік ержелерді бұзудың 24 фактісін анықтады. Мұның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтың 11 фактісі бар. Ал контрабандалық заң бұзушылыққа байланысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Жиырма жылдан астам мерзімде еліміздің батыстағы шебін кедендік құқық бұзушылықтан қорғап келе жатқан атыраулық кеденшілер үшін де кезектен тыс өтетін аттестаттау барысында әр кеденшінің ел заңдарын қаншалықты білетіндігімен шектелмей, адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениетіне көңіл аударылатынының тиімді тұстары жетерлік. Сонымен бірге, Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кеден одағына бірігуінің интеграциялық маңызын да кеденші-әріптестерім жете түсінеді. Қазіргі қоғамның дамуына орай кеденшілердің шет тілдерін меңгеруінің маңызы айрықша екенін білеміз. Қорыта айтқанда, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық экономикасын контрабандалық қылмыстардан қорғайтын кеденшілер де кезектен тыс аттестаттауды маңызды қадам деп санайды.
Айсұлу ТЕЛЕУІШЕВА. Атырау облыстық кедендік бақылау департаменті ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің бастығы.
Атырау облысы.