• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2019

Грант құны – 98 миллион теңге

1124 рет
көрсетілді

С.Бәйішев атындағы ғылыми-техникалық бағытта мамандар әзірлейтін Ақтөбе университеті 1996 жылы құрылған. 20 жылдан астам уақыттың ішінде аталған университет 5 мыңнан астам студент оқитын іргелі оқу орнына айналды. Мұнда елімізден ғана емес, сонымен бірге Өзбекстан мен Ираннан келіп оқып жүрген жастар да бар.
Жоғары оқу орнының матери­ал­дық-техникалық база­сы әлем­­дік білім бе­ру стандарт­­та­­р­ына сай. Оны рес­пуб­­лика­да­ғы өзге ЖОО-лар­дан ерек­ше­леп тұрған бас­ты жайт – өз технопаркінің жасақ­тал­­ға­ны. Оған «Зерек» деген атау қойыл­ған.  Таяуда Бәйішевтіктер екінің бірінің қолы жете бермейтін тағы бір жетістікке қол жет­кіз­ді. Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті белгілеген «Өнім­ді инновацияны қолдану» жоба­сының жеңімпазы атанды. Осы арқылы ұйымшыл ұжым құны 98 миллион теңге тұра­тын грантқа ие болды. Бұл биыл Бәйішевтіктер ұтып алған екінші ірі көлемдегі грант бол­ып отыр. Өйткені бұған дейін жоғарыда аталған «Зерек» техно­паркі 47 миллион теңгелік мемле­кеттік грантты ұтып алған бола­тын. Қомақты қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау техника ғылымдарының докторы Байзақ Исақұлов басқаратын «Зерек» технопаркінің құзы­ры­на жүктелген. Грант арқылы бөлін­ген салмақты соманы уни­вер­ситет ғалымдары құжат­тар­ды ағылшын тілінде ресім­деу­дің сан қырын үйреніп күн­де­лікті дағдыға айналдыруға және халықаралық ғылыми жоба­ларға жол ашудың амалдарын іздестіруге жұмсайтын болады. Біздің өңірлік жоғары оқу орнының тең жеңімпаз атанған Қазақ-Британ техникалық уни­вер­­ситеті секілді мүйізі қара­ғай­­дай жоғары оқу орнымен бір қатар­да тұруы біз үшін үлкен жетіс­тік, биік мерей, – дейді С.Бәйішев атындағы Ақтөбе уни­верситеті «Рухани жаң­ғы­ру» орталығының директоры Мұхтар Миров.  АҚТӨБЕ