Тұңғыш Президент - Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 6 сәуірде Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері тұратын 350 орынға арналған жаңа студентік жатақхананың ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға Парламент мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы, Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ Президенті Ибраимов Асқар Ізімбайұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Аяшев Оңалбай Аяшұлы қатысты.