• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Сәуір, 2019

Р.Дәленов: Шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемі 23 трлн теңгені құрады

1047 рет
көрсетілді

2017 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемі 23 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов мәлімдеді.

«Өнім шығару құрылымының бестен бір бөлігі өнеркәсіптің үлесіне тиесілі. 2018 жылғы  9 айдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі әртүрлі өзгерген. Шағын және орта бизнестің көп үлесі Нұр-Сұлтан, Алматы  қалаларына және Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Ең төмен бөлігі – Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында», деді Р.Дәленов.

Бұл ретте, соңғы 4 жылда бірқатар өңірлерде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесінің төмендеуі байқалады. Олар Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары.