• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2019

Б.Сапарбаев: Еліміздегі көпбалалы отбасылардың саны - 340,4 мың

1070 рет
көрсетілді

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шаралары белсенді іске асырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев мәлімдеді.

Министр ақпаратына сүйенсек, 1 сәуірден бастап барлық жерлерде арнаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін  құжаттар қабылданып жатыр. 42 мыңнан астам өтініш қабылданған (шамамен 147 мың адам).

«Елбасының әлеуметтік бастамалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықованың жетекшілігімен елдің  7 өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласының аудандарына сапарлар іске асырылды. Бұл  халыққа министрлік пен ведомстволардың басшыларынан барлық жаңашылдықтар туралы білуге мүмкіндік берді» деді Б.Сапарбаев.

Сапар барысында халықпен кездесулер өткізіліп, азаматтарды қабылдау жүргізілген, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, жұмыспен қамту орталықтарына, көпбалалы отбасыларға барған. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек туралы анықтамалық ақпарат алу бойынша «111» Call-орталығының базасында тікелей желі іске қосылған.

«Халықпен кездесу кезінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, жеке іс ашуға жәрдемдесу, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды техникалық құралдармен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер жиі көтерілді.

Әкімдіктердің деректері бойынша елде көпбалалы отбасылардың саны 340,4 мыңды құрайды.

Бюджетте жалға алынатын тұрғын үй құрылысы мен жеңілдікті қарыз беру үшін, сондай-ақ азаматтардың осал топтағы санатына әртүрлі көмек көрсету үшін қажет қаражат көзделген.

Бюджет есебінен салынып жатқан тұрғын үйлер аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың кезегін қысқартуға оң әсерін тигізеді деп есептеймін» деді Министр.

2019 жылы 821 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетуге мемлекеттік бюджет есебінен 83 млрд теңге  бөлінбек. Биыл 1-тоқсанда 9,3 млрд теңге төленіп, 282 мың адамға көмек көрсетілген.

Бұған қоса, 2019 жылы 373 мың жаңа жұмыс орны құрылады, 2019 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша 31,9 мың жұмыс орны құрылған.

«Алайда, мемлекетке ғана үміт арту қажет емес. Жаңа тәсілдер мен  тәжірибеде тексерілген тиімді жолдарды іздестіру қажет.

Өңір әкімдері, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік жай ғана тренд емес, еліміздің орнықты дамуының негізгі шарты деп есептейтін мен кәсіпорынның бірінші басшылары мен жекелеген азаматтар өздерінің нақты пікірлерін айтуға тиіс» дейді Министр.