Бейсенбі, 19 сәуір 2012 7:53
Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында көптеген жұмыстар қолға алынды. Соған орай, Елбасының 2012 жылғы 8 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығы да бұл тұрғыдағы шешуші қадамдардың бірі. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған құқық қорғау жүйесін реформалау осы мақсаттың маңыздылығын айқындайды.
Бейсенбі, 19 сәуір 2012 7:53
Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында көптеген жұмыстар қолға алынды. Соған орай, Елбасының 2012 жылғы 8 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығы да бұл тұрғыдағы шешуші қадамдардың бірі. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған құқық қорғау жүйесін реформалау осы мақсаттың маңыздылығын айқындайды.
Демек, құқық қорғау органдарының қатарын кәсіби білікті, адам құқығы мен заңдылықты жоғары деңгейде қорғауға лайықты мамандармен толықтырып, мемлекеттің беделіне нұқсан келтіріп, сыбайлас жемқорлық әрекетіне жол беретін біліксіздерден арылту – осы аттестаттаудың басты мақсаты.
Бұл күндері Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінде аттестаттауға қызу дайындық жұмыстары басталды. Барлық құрылымдық жүйелерде Жарлық мәтіні мен ережелерін түсіндіру, оны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Қазір департамент штатында 300-ге жуық адам бар. Әрине, аттестаттау кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен бүгінгі өскелең талаптарға сәйкестігі алдыңғы орынға шығады. Осылайша жоғары кәсіптік, азаматтық, моральдық-психологиялық қасиеттерге басымдық беріліп, жалпы қызметтік борышын орындауға саналылықпен қарау, елжандылық деңгейін көтеру мәселелері де басты назарда болатынын айтқан жөн. Өз арамызды жемқорлық әрекеттерге жол берген қызметкерлерден тазарту басты міндет. Бұл өте үлкен ауқымды жұмыс, мұны біз әділ әрі барынша ашық өткіземіз.
Ал бізде ауыз толтырып айтарлықтай атқарылып жатқан істер баршылық. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің назарында «Нұрлы көш», «Жасыл даму», «Ақбұлақ» сияқты индустриялық-инновациялық дамудың, тұрғын үй құрылысын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын, іске асырылуына жыл сайын миллиардтаған теңге бөлінетін салалық бағдарламалардың орындалуы десек артық айтқандық емес.
Соңғы 3 жылда облыста 400-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары немесе еліміз бойынша әрбір он екінші қылмыс ашылды. Оның 85%-ын – парақорлық, қызметтік жалғандық және бюджет қаражатын ұрлау фактілері құраса, 10%-ын лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану деректері құрайды.
Қоғамға аса қауіп төндіретін жүйелі сыбайлас жемқорлық деректері де кездеседі. Айталық, департамент Семей қаласының құрылыс колледжі директорының орынбасары М.Ержановқа қатысты 25 эпизодты қылмыстық істің өндірісін аяқтады. Ол лауазымды тұлға бола тұра, жеке өзі және делдалдар арқылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде колледждің базасында жеделдетілген курстардан өткені туралы жалған куәліктерді бергені және толтырғаны үшін жүйелі түрде пара алған. Соттың үкімімен М.Ержанов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Күні кеше ғана Зырян аудандық соты ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Б.Сибитовқа қатысты қозғалған қылмыстық іске сай үкім шығарды. Ол заңсыз аң аулаған 3 азаматқа қатысты қылмыстық істі қозғамау үшін 280 мың теңге пара алған, сондықтан 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа негіз болатын «көлеңкелі» экономикамен күресу де департамент қызметіндегі басты бағыттардың бірі болып табылады. Соңғы үш жылдың көлемінде аймақта экономикалық салада 1128 қылмыс ашылды. Осы бағытта департамент жедел қызметтерінің негізгі күші жалған кәсіпкерлік, қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру және террорлық ұйымдарды қаржыландыру фактілерін анықтап, олардың жолын кесуге жұмылдырылуда.
Департаменттің бизнес өкілдерін қорғау бойынша негізсіз тексерулер және олардың іс-әрекеттеріне заңсыз араласу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Облыстағы бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен бизнестің дамуына кедергі келтіретін және олардың іс-әрекеттеріне негізсіз араласу деректеріне жол бермеу үшін қажетті шешімдер туралы әртүрлі мәселелер талқыланады.
Кәсіпкерлермен жүргізілген өзара іс-қимыл және алдын алу жұмыстары облыстың мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашуға мүмкіндік туғызуда.
Мысалы, 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыстық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан кәсіпкерлерден құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензияны беру және бұрын берілген лицензиялардың мерзімін ұзарту үшін жүйелі түрде пара талап ету фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалған. Соттың үкімімен ШҚО бойынша МСҚББ басқармасының бұрынғы бастығы К.Мүкеев мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бәделхан КАМАЛХАНҰЛЫ,Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.
Өскемен.