• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2012

Сындарлы саралау

280 рет
көрсетілді

Сындарлы саралау

Сенбі, 21 сәуір 2012 7:50

Бұл аттестаттаудың жөні бөлек. Өйткені, еліміздің тарихында құқық қорғау жүйесін бұрын-соңды бұлайша таразыға тартып, елеп, екшеп көрген емес. Менің естуімше шет елдерде де мұндай мәселеге айрықша мән береді. Мәселен, Израильде құқық қорғау органдарын жиі-жиі аттес­таттаудан өткізіп тұрады екен. Себебі, әр адамның табиғатына сай органға келген адам бірте-бірте билікке құмартып тұрады дейді. Ал бұл адам құқын қорғау, сақтау міндеті кіретін маман үшін қолдағы билікті теріс пайдалану, адасу деген сөз.

Сондықтан құқық қорғау органдары қызмет­кер­лерін үнемі аттестаттау барысы шет елдерде де кең тараған.

Бұл орайда біздің елімізде Президенттің «Қа­зақ­стан Республикасы құқық қорғау органдары қыз­меткерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өт­кізу» туралы Жарлығымен тиісті құқық қорғау органдары қызметкерлері сынақтан өтпек.

Бұл аттестаттаудың бір ерекшелігі, жоғарыда айтқанымдай, аттестаттау комиссия мүшелеріне қоғамдық өкілдер тартылуда. Ал бұрынғы өткен сара­лауларға қоғамдық өкілдер қатысты­рыл­май­тын. Сондықтан да болса керек, бұрынғы аттестаттаудан өтті деген құқық қорғау қызметкерлері қылмыс жасап, тұтылып жатыр. Талай ірі дәре­жедегі басшылар жемқорлық қылмыспен ұсталды. Ондай адамдар қоғамнан ығыспайды, халықтан қорықпайды деген сөз.

Себебі неде? Өйткені олардың көбі заңды білмейді. Заңды жетік білмеген соң өздерінің не істеп, не қойғандарына жете мән бермейді. Екін­ші­ден, олардың көбінің бойында адамгершілік, имандылық деген жоқтың қасы. Ал мұндай қасиеттер жоқ адамның қолына билік ұстату өте қауіпті. Мысалға, кез келген ала таяқ ұстаған полицей жөні осы екен деп көліктерді тоқтатады. Заң бойынша көліктерді тоқтатудың өзіндік реті бар. Егер арнайы рұқсат болмаса ешкімнің құқы жоқ тоқтатуға. Көшеде қоғамдық тәртіпті бақылап жүретін патрульдер де солай, көпшілігі заңды білмейді. Әрине, олардың қолында шағын әдістемелік нұсқаулық бар екені рас, бірақ ол адам құқын бұзбас үшін заңды толық білуге тиіс.

Еңдеше, Жарлыққа сәйкес құқық қорғау органдарының бүкіл жеке құрамын қысқа мерзімде аттестаттаудан өткізуге тура келеді, ал олар 110 мыңнан астам қызметкер екен. Осындай кең ауқымды науқанға дайындық барысында шетелдер тәжірибесі, атап айтқанда, ТМД-ның бірқатар елдерінің, АҚШ, Англия, Франция, Норвегия, Ұлыбритания, Шотландия, Польша, Швеция және басқалар да құқық қорғау жүйесіне реформалар жүргізу нәтижесінде полиция қызметінің тиімділігін айтарлықтай арттырған көрінеді.

Марат БӘШІМОВ, сарапшы, заң ғылымдарының докторы, профессор.

Астана.