• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2012

Уақыт өткен сайын жаңашылдық керек

364 рет
көрсетілді

Уақыт өткен сайын жаңашылдық керек

Сенбі, 21 сәуір 2012 7:50

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы дәстүрлі Жолдауында айқындалып, көптің көңілінен шыққан алтыншы бағыт сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жоспарланып отыр. Бұл «Нұр Отан» халықтық-де­мо­кратиялық партиясының «Қазақстан. 2017 мақ­саттары ұлттық іс-қимыл жоспары» тұғыр­на­ма­сын­дағы міндеттермен сәйкес келеді. Елдің әрбір азаматының қауіпсіздігі, ең алдымен, құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз етуден көрініс табатыны белгілі.

Елбасы Жарлығына сәйкес кезектен тыс аттес­таттау құқық қорғау саласындағы реформаларды одан әрі тереңдетуге ықпал жасайтыны кәміл. Әрине, бұл үшін тиімді кадр саясатын жүргізудің орны ерекше. Сонымен бірге, құқық органдары қызметкерлерінің кәсібилігін көтеру ісі де кезек күттірмейді. Бұған қоғамдық институттардың тартылуы аттестаттаудың сапалық деңгейін көтереді деп ойлаймыз.

Негізгі мақсат – құқық қорғау жүйесі қызмет­керлерінің кәсіби дайындық деңгейін және олар­дың қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігін анық­тау, органдарды моральдық-адамгершілік қасиет­те­рі төмен және жемқорлық әрекеті арқылы жалпы мемлекеттің беделін түсіретін біліксіз қызмет­кер­лерден тазарту болып отыр.

Мемлекет мүддесін, қоғам қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз етуде асқан ерлік көрсетіп, ұрпаққа үлгі болған абзал азаматтарымыз құқық қорғау саласында же­терлік. Өз ісінің шынайы мамандары қандай жағ­дайда да жұмысын көрсете біледі, сынақтан шың­далып басқаларға үлгі болатынына сенімім мол.

Құқық қорғау саласының қызметкері Отанын шексіз сүйетін, мемлекетшіл, әділдікті өзіне ұран еткен, тура жолдан таймайтын азамат болуы керек. Әрбір құқық қорғау саласының қызметкері өздерін мемлекеттік саясатты жүзеге асырушылар екен­ді­гін, халықтың олардың жұмысына баға беруі арқы­лы жалпы мемлекеттік саясатқа баға берілетін­дігін яғни, бүгінгі әділ шешім халықтың ертеңгі өмірге сенімі екенін түсінуі керек.

Әрбір салаға уақыт өткен сайын жаңашылдық керек, ол заман талабы, сол үшін де құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттес­таттаудан өткізу тәртіпті оңтайландыру бағы­тын­да дер кезінде қолға алынған реформа. Осы салада қызмет етіп жатқан азаматтардың жұмысына жал­пыхалықтық баға беру саннан сапаға көшу керек­ті­гін тағы бір мәрте айғақтайды. Комиссия құ­рам­дарына құқық қорғау саласының ардагерлерін, депутаттарды, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерін қа­тыстыру ісі де көңілден шығып отыр. Қолға алын­ған бастаманың ісі оңға басып, сапалы кад­р­лардың халық игілігі жолында жұмыс жасауына ықпалы тисін деген тілек бар.

Асланбек САРҚҰЛОВ,  «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары.

Орал.