Сейсенбі, 24 сәуір 2012 7:12
Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарын сапалы кадрлық жаңарту мәселесін шешу үшін барынша қысқа мерзім ішінде оның бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу туралы нақты нұсқау берді. Осыған орай Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде Жарлыққа қол қойды. Еліміздің тарихында алғаш рет құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін қалыптастыру жөніндегі кең ауқымды іс-шаралар бастау алды.

Біз уақытында қабылданған бұл шешімді өз тарапымыздан толығымен қолдаймыз. Сонымен қатар, осыған дейін де құқық қорғау органдарын аттестаттау тұрақты өткізіліп тұрғандығын атап өткіміз келеді. Бірақ дәл мұндай аттестаттау барлық құқық қорғау органдары үшін тарихта алғаш рет өткізілгелі отыр. Жалпы саны 90-ға жететін жоғары аттестаттау комиссиясы және аймақтық аттестаттау комиссиялары құрылғанын есепке ала отырып, біз бұл комиссияның құрамына қоғам өкілдерін, депутаттар корпусын, ғалымдарды, құрметті тұрғындарды, құқық қорғау органдарының ардагерлерін және т.б. енгізген жөн деп есептейміз. Сонда ғана біздің ойымызша, аттестаттауды өткізудегі көзделген түпкілікті мақсатқа қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, аттестаттау жарты жылға созылатындықтан, оның құқық қорғау органдарының қызметіне, қызметкерлердің психикалық күйіне әсер етпеуін қадағалау керек, себебі бұл жағдайды қылмыскерлердің пайдаланып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Құқықтық тәртіп жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін қалыптастыру бұл бір күннің ісі емес. Ол зерделі талқылауды, жас мамандарға тәжірибе көрсетуді, ұстаздық рөлін күшейтуді, ынталандырушы шараларды және т.б. қажет етеді.
Біз құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін жаңарту бойынша өткізілетін жұмыстар өзінің оң нәтижесін беретіндігіне нық сенеміз. Құқық қорғау органдарының қалыпты жұмысы елдің жарқын болашағы мен тыныштығын қамтамасыз етеді.
Виктор ЖАМУЛДИНОВ, «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы.
ПАВЛОДАР.