Қабылданған кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім өз уақытында жасалған өте қажетті және өте маңызды қадам екені сөзсіз. Сонымен бірге ол демократиялық қағидаттарға толықтай жауап бере отырып, шын мәнінде ел мүддесін қорғауға бағытталған.
Себебі жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде сайланған, ел таңдаған мемлекет басшысы халықтың сенім мандатына ие болады.
Ал президенттік сайлау кезіндегі әрбір азаматтың жүрек қалауы Қазақстанымыздың саяси бағдарының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асыра отырып, Тұңғыш Президентіміз салған сара жолды одан әрі жалғастыратын боламыз.