• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Сәуір, 2019

Әлжуаз топтарды қолдау жалғасады

1229 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұ­мыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қам­қорлық» атты жаңа әлеуметтік ша­раларының бас­ты бағыттарын тү­сіндіру мақсатымен Қызылорда облысына келді.

Жұмыс тобының құра­мында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К.Шәмши­динова, Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, Құ­рылыс және тұрғынүй-ком­муналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы М.Жа­йымбетов бар.

Жұмыс сапарының бас­тап­қы орны құрылыс ала­ңы болды, ол жерде «Бала­мекен» жобасы бойынша аз қамтылған отбасылар үшін 150 үй, оның 100-і бюджет қа­ражаты есебінен, 50-і Б.Өте­мұратовтың жеке қоры қара­жатынан салынады.

Бұдан әрі Г.Әбдіқалықова Б.Сапарбаевпен бірге 6 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы отбасы Зарина Хам­затоваға барды. Әңгіме барысында ол басшылыққа көп балалы ананы жұмысқа орна­ластыруға жәрдемдесуге тапсырма берді. 

Келесі іс-шара «Достық үйінде» өтті. Осы жерде Үкі­мет делегациясы көп балалы аналармен, аз қам­­тылған отбасылармен, ең­бек ардагер­лері­мен, мүге­дектермен, мұға­лім­­дер­мен, дәрігер­лер­мен, қо­ғам өкілдерімен кездес­ті. Премьер-Министрдің орын­­­басары мемлекеттік сая­сат­тың түйінді басымдығы халықтың әл-ауқаты екенін баса айтты. Ол үшін бүгінгі күні өмір сапасы мен деңгейін арттыру бойынша қажетті шаралар қолдануда. Сонымен қатар басты міндет халықты жұ­мыспен қамту, ал әлеуметтік әл­жуаз санаттарға жан-жақ­ты мем­лекеттік қолдау көрсетіледі. 

Кездесуде сөз сөйлеген­дер Елбасының жаңа әлеу­мет­тік бастамаларын қол­дай­­тындарын білдірді және әлеу­мет­тік саясатты жетіл­діру бо­йынша ойларын ортаға салды. 

Бұдан әрі жұмыс сапары қала және аудан әкім­дері, кәсіпорын, бизнес-құ­рылым және кәсіби одақ бас­­­шы­ларымен жиналыспен жалғасты. Онда әлеуметтік жауап­кершілікті алға тарту, өңір­дің аз қамтылған жұмыс­керлері мен тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қарастырылды. 

Г.Әбдіқалықова экономика секторларын, бизнес-қо­ғам­дастықты мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруға белсенді қатысуға шақырды. 

Келесі кезекте Қызылорда облысының 2016-2019 жыл­дарға арналған Білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іс­ке асыру барысы қарас­ты­­­рылды. Облыста 3-6 жас­­­­та­ғы балаларды бала­бақ­­­ша­мен қамту 100%-ды­ құ­ра­­­ды,­ соңғы 6 жылда­ 69 бі­лім­­­ беру мекемесі салын­ды,­ 79% колледждер дуальды­ оқы­­ту жүйесі бойынша­ жұ­­­мыс істейді. Вице-пре­мьер­ Білім және ғылым ми­нистрі­­мен өңірдегі білім бе­ру сала­сындағы ағымдағы жағ­­дайды, өзекті мәселелерді және оны шешу жолдарын қарас­тырды. Бұдан әрі педа­гогтар қауымына 1 маусымнан бастап жалақыны 30%-ға арттыру жайы түсіндірілді. Сонымен қатар мұғалімнің қоғамдағы беделі мен рөлін арттыруға бағытталған «Педагог мәрте­бесі туралы» заң­ жо­басы тал­қы­ланды.

Премьер-Ми­нистр ­мен Еңбек және халық­ты­ әлеу­меттік қорғау ми­нистрі Қы­зылорда қала­сы­­ның Жұ­мыспен қамту орта­лы­ғы­ның жұмысын тек­серді. Жа­ңа форматтағы атау­лы әлеу­меттік көмекті та­ғайынд­ау алго­ритмі толық қа­рас­ты­рыл­ды. Жалпы облыс ор­та­лы­ғында 2018 жылы жұ­мыс­пен қамту шараларымен 3,6 мың­нан астам адам қамтыл­ды, 7,7 мыңнан астам адам жұ­мысқ­а орналас­тырылды, 225 адамға кредиттер мен гранттар берілді. 

Өңірге жұмыс сапарының соңында Г.Әбдіқалықова азаматтарды жеке қабылда­ды. Басшылыққа Амангелді Ниталиевтің созылмалы гемодеализге байланған ба­ла кезінен мүге­дек ұлына ма­териалдық көмек көр­сету тапсырылды. 

Өз кезегінде, К.Шәмши­динова «Шағбан» балабақ­шасының, «IT-IMAQORDA» балалар технопаркінің, №268 орта мектептің және «Атамекен» отбасылық үл­гідегі балалар ауылының өкіл­­дерімен бірқатар кездесу өткізді. Л.Ақтаева балалар ауруханасының, №6 ем­ха­наның дәрігерлерімен және медбикелерімен кез­дес­ті. Ал М.Жайымбетов Сыр­дария ауда­нына барды.

Үкіметтік делегацияның жұ­мыс сапары Шымкент қа­­­ла­сы және Түркістан облы­сында жалғасатын болады.  Қызылорда облысы