Құжатта Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық Банкінің келісілген іс-қимылы баға тұрақтылығын, экономиканы қолжетімді қаржыландыруға және қаржы нарығының орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталатыны көзделеді. Бұл жұмыс халықтың әл-ауқатының және өмір сүру деңгейінің өсуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының басты мақсатына сәйкес келеді.
Құжатқа сәйкес қаржы реттеушісі жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты бірқатар қағидатты негізге алады. Олардың қатарында инфляция деңгейін біртіндеп төмендету және оны төмен деңгейде сақтау, инфляциялық таргеттеу режімін сақтау, теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамын сақтау, ырықты валюталық заңнаманы сақтау, қаржы жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру және тәуекелдерді бағалауға және теңбе-тең реттеу шараларына негізделген тәуекелге бағдарланған қадағалауды енгізу бар.
«Қазақстан Ұлттық Банкі, егер бұл оның мақсатына қол жеткізуге және міндеттерін орындауға қайшы келмейтін болса, Үкіметтің экономиканың өсуін қамтамасыз ету шараларына жәрдемдеседі», – деп айтылады келісімде. Елдің бас банкі 2019-2021 жылдар аралығындағы кезеңде инфляция бойынша нысаналы бағдарды кейіннен 3-5%-ға дейін төмендете отырып, 4-6% шегінде белгіледі. Жасалған келісімнің шеңберінде Үкімет пен Ұлттық Банк бірқатар міндеттерді айқындады. Теңестірілген фискалдық саясатБұл орайда Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, бюджет шығыстарының мұнай бағасына тәуелділігін төмендетуге, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған, орнықты және алдын ала болжанған фискалдық саясатты жүргізуге баса назар аударады. Ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Ұлттық қор қаражатының жинақталуына ықпал етеді.
Тиімді ақша-кредит саясаты және инфляцияны бақылау жөніндегі шаралар
Бұл келесі міндет, оның шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме деңгейін нақты мәнде оң болатын 3-3,5% шегінде ұстап тұруға ұмтылатын болады. Бұдан басқа, қаржы реттеушісінің мандатына және қолданыстағы құралдарына сәйкес уақытша бос банктік өтімділік есебінен экономиканы кредиттеуді ынталандыру бойынша шаралар қабылданады.
Валюта нарығының тұрақтылығы
Еркін өзгермелі айырбастау бағамының режімі шеңберінде валюта нарығының тұрақтылығын қолдау үшін нарықта шетел валютасының сұранысы мен ұсынысының орнықты теңгерімін қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Келісімге қол қояр алдында Үкіметтің отырысында сөз сөйлей отырып Ерболат Досаев валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетінің маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан Ұлттық Банкі өз алдына теңге бағамының болжамдылығын арттыру міндетін қояды. Валюталық сауда-саттыққа араласпау саясаты сақталған кезде Қазақстан Ұлттық Банкі икемді өктемдік жүргізу құқығын өзіне қалдырады», – деп хабарлады Ерболат Досаев.
Ол шетел валютасын сатып алу немесе сату операциялары туралы ақпараттың жүйелі және ашық болуы валюта нарығын тұрақты етеді деп атап өтті. Қазақстан Ұлттық Банкі туынды қаржы құралдары нарығына қатысушыларды валюталық тәуекелдерді хеджирлеу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету мақсатында аталған нарықтың дамуына ықпал етеді. Ал Ұлттық қордан бюджетке кепілдік берілген трансферттерді қамтамасыз ету үшін ішкі валюта нарығында Ұлттық қордың валюталық активтерін жоспарлы конвертациялау жүргізіледі.
Инвестициялар тарту және экономиканы қорландыру қолжетімділігі
Келісімде Үкімет пен Ұлттық Банктің инвестициялық ахуалдың тартымдылығын, қорландырудың қолжетімділігі мен айқындығын, ел экономикасына, оның ішінде оның басым секторларына инвестициялар тартудың өсуін қамтамасыз ету бойынша бірлескен шаралары көзделеді.
Экономиканы қорландыру банктік кредиттеу құралдары арқылы ғана емес, сондай-ақ сақтандыру нарығының, басқарушы инвестициялық компаниялар нарығының, микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, лизингтің, инвестициялық қорлардың, венчурлік қаржыландыру қорларының қатысуымен қор нарығының мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл қорландыру көздерін әртараптандыруды қамтамасыз етуге, халық пен бизнестің кредитті шамадан тыс көп алу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қазақстандықтардың қаржылық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету мақсатында клиенттерді қашықтан тиімді сәйкестендіру және дерекқорларды ықпалдастыру мәселелері шешіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп нарықтың тиімді инфрақұрылымын қалыптастыруға, банкаралық кредиттеу нарығын дамытуға, нарықтық индекстер мен индикаторларды құруға, жаңа қаржы құралдарын, өнімдерді және көрсетілетін қызметтерді кеңейту мен дамыту үшін жағдайлар жасауға, үздік стандарттар мен практикаларды енгізуге, жоғары технологиялық қашықтан көрсетілетін қаржылық қызметтерді ілгерілетуге және олардың елдің барлық өңірлерінде қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуБұл бағытта Қазақстан Ұлттық Банкі Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын дамушы елдердің халықаралық жаһандық индекстеріне қосу жұмысын жүргізеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және қор нарығына қатысушылармен бірлесіп халықаралық есеп айырысу ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жұмысын жалғастырады.
«Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту міндетін іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкі кірістіліктің қысқа мерзімді тәуекелсіз қисығын құруды қамтамасыз етеді. «Қаржы министрлігінен кірістілік қисығының орта және ұзақ мерзімді бөліктерін құру үшін өз бағалы қағаздарының шығарылымын қысқартуды және ірілетуді сұраймыз», – деп түсініктеме берді Ерболат Досаев.
Экономиканы дамытуды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруҚазақстан Үкіметі мен Ұлттық Банкі «Нұрлы жер» және «7-20-25» тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады. Атап айтқанда, Үкімет қолжетімді тұрғын үй ұсынысын ұлғайту шараларын қабылдайды. Ұлттық Банк өз кезегінде «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыруды жалғастырады. Бұл тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру бюджеттік, сол сияқты жеке қаржыландыру көзін тарта отырып, халықтың түрлі топтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Үкімет айқындаған экономиканың басым жобаларын кредиттеу үшін 2019-2020 жылдары 600 млрд теңге сомасында банктерге ұзақ мерзімді өтімділікті ұсыну бойынша шараларды қабылдайды. Бұдан басқа, Қазақстан Ұлттық Банкі 5 жыл ішінде отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушы жеке тұлғаларға банктердің кредит беру бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға 100 млрд теңге беретін болады.Нақты сектор кәсіпорындарын қалыпқа келтіру
Үкімет пен Ұлттық Банк саламатты бизнес-орта үшін жағдай жасау негізіне дәрменсіз және тиімсіз компанияларға қатысты қатаң нарықтық тәртіп жататынын мойындайды. Келісімнің тараптары жоғары сот органдарымен құқық қолдану практикасы және борышкерлер мен кредиторлар мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірлесе отырып жұмыс істейді.
Құжатта Үкіметтің банкроттық бойынша заңнаманы одан әрі жақсарту жұмысын жүргізетіні көзделген. Ұлттық Банкпен бірлесе отырып кредиторларға борышты реттеу бойынша өз құқықтарын іске асыруға тосқауыл болатын кедергілер жойылады.Сонымен бірге корпоративтік басқарудың сапасын, компаниялардың басшылары мен акционерлерінің дәйексіз ақпарат ұсынғаны үшін жауапкершілігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Өз кезегінде Ұлттық Банк банктердің проблемалық берешегін қайта құрылымдау бойынша мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту жолымен банктердің несие портфелінің сапасын жақсарту шаралары арқылы нақты сектор кәсіпорындарын қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Қабылданатын шаралар сондай-ақ эмитент дәрменсіз болған кезде бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығы
Бұл міндет банк жүйесін нығайтуға бағытталған жұмыстың арқасында іске асырылады. Ол үшін уәжді пайымдауға, банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауға негізделген тәуекелге бағдарланған қадағалау енгізілетін болады.
Бұдан басқа, Үкімет пен Ұлттық Банк бағалы қағаздар нарығының бірыңғай кастодиандық және есептік инфрақұрылымын пайдалана отырып, Қазақстан қор биржасын және елорда Халықаралық қаржы орталығының биржасын дамыту және олардың қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық күш-жігерін жұмсайды.Көлеңкелі экономиканы төмендету және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту
Қолма-қол ақша айналымын және көлеңкелі экономиканы төмендету үшін Үкімет пен Ұлттық Банк ірі мәмілелер бойынша есеп айырысуды қолма-қол ақшасыз нысан арқылы жүзеге асырады. Ұлттық Банк қолма-қол ақшасыз төлемдердің қолжетімділігін арттыру және нарыққа қатысушылардың шығасыларын барынша азайту мақсатында қолма-қол ақшасыз төлемдер инфрақұрылымын жетілдіру, инновациялық және бәсекелестік ортаны дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылықты арттыруБұл – Үкіметтің, сол сияқты Ұлттық Банктің қызметіндегі аса маңызды бағыт. Бұл орайда келісімнің тараптары тұтынушылардың құқықтарын қорғау, шарттар талаптарының ашықтығын қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады, жеке ақпаратты қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Сонымен бірге халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмысы да жалғастырылады.
Ұлттық Банк тұтынушылық кредиттеу тәуекелдерін шектеу үшін кредиттік серіктестіктер, онлайн кредиторлар, ломбардтар сияқты банктік емес кредиттік ұйымдарды реттеу бойынша ұсыныстар дайындауды жоспарлап отыр. Реттеу бойынша ұсыныстар үздік халықаралық практиканы ескере отырып көрсетілетін қаржылық қызметтердің тәуекелдеріне тепе-тең талаптарға негізделеді. Бұл ұсыныстарды іске асыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар дайындалады.
Үкімет пен Ұлттық Банктің іс-қимылын үйлестіру Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырыстарында шараларды тұрақты түрде мониторингтеу және талқылау арқылы жүзеге асырылатын болады.Күтілетін нәтижелер
Келісімді іске асыру Қазақстанның Тұңғыш Президенті Үкіметтің 2019 жылғы 30 қаңтардағы кеңейтілген отырысында белгілеген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Атап айтқанда:
- негізгі капиталға 2019 жылы ІЖӨ-ге 16,8% деңгейінде және 2025 жылға қарай жылына ІЖӨ-ге 30%-дан астам инвестициялар тарту;
- шағын және орта бизнестің үлесін 2019 жылы ІЖӨ-ге 28,2%-ға және 2025 жылға қарай ІЖӨ-ге 35%-ға жеткізу;
- көлеңкелі экономика үлесін үш жыл ішінде 40%-ға қысқарту.