Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұсталған азамат «Орал - Самара» бағытындағы жолаушылар автобусымен үлкен шамаданда 148 дана, жаңадан кесілген киік мүйіздерін алып өтпек болыпты. Контрабанданың жалпы құны 196 950 000 теңге деп есептелінді», делінген хабарламада.