• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Сәуір, 2019

Шекара бақылау қызметі мемлекеттік кіріс департаментіне бір тәулікте 102 707 835 теңгенің тауарын өткізді

1400 рет
көрсетілді

«Жайсаң-авто» шекаралық бақылау бөлімшесі Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне бір тәулікте 102 707 835 теңгенің тауарын өткізді. Бұл туралы Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәркіленген тауардың барлығы шекарадан заңсыз шығарылмақ болған тауарлар.

Актіленген заңсыз жүктердің 94,5 тоннасы халық тұтынатын тауарлар, 6 тонна 410 килограмы жеміс-жидек және көгөнүс өнімдері.