• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2010

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ПӘРМЕНДІЛІГІ

1681 рет
көрсетілді

Осы жылдың қаңтары мен ақпанында “Нұр Отан” ХДП Партиялық бақылау комитетінің мү­ше­лері және комитет хатшылығының қыз­мет­керлері пар­тияның мәслихаттардағы депутаттық фрак­цияларының қызметін толық зерттеу мақ­сатында еліміздің барлық аймақтарында сапармен барып қайт­қан еді. Бұл шараларға, сон­дай-ақ партияның ай­мақ­тық филиалдарына жетекшілік ететін қыз­мет­керлер де қатысқан болатын. Бұған қоса, “Нұр Отан” партиясына мүше мәслихат де­пу­тат­та­рының арасында сауал­да­ма да жүр­гі­зіл­ген-ді. Со­ны­мен, тексеруге қатысты жасалған талдау нені көрсетті? Бүгінде елімізде “Нұр Отан” партиясының 213 депутаттық фракциясы жұмыс істейді. Олардың 16-сы облыстық, 37-сі қалалық, 160-ы аудандық мәслихаттарда құрылған. Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан депутаттық кор­пус­та­ғы фрак­ция­лар­дың құрамына “Нұр Отанға” мүше 3158 депутат кіреді. Ал мәслихат де­пут­ат­та­рының арасындағы партиялық жіктелу 95,4 пайызды құ­рай­ды. Яғни, мәслихаттарға сай­лан­ған депу­тат­тар­дың 95,4 пайызы “Нұр Отан” пар­тиясының мүшелері болып табылады. Әр дең­гейдегі депутаттық фракциялардың партия жар­ғы­сы мен бағ­дар­ла­масы, сондай-ақ фракциялар туралы ереже ая­сындағы қызметін партияның аймақтық фи­­лиалдары үйлестіріп отырады. Олар депу­тат­тық фракциялар қызметін құқықтық, тал­да­ма­лық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық негізде қамтамасыз етеді. Тексеріс барысы көрсеткендей, “Нұр Отан” пар­тиясына мүше мәслихат депутаттары тұрақты комиссиялар жұмысына қатысуымен қатар, партиялық бағыттар бойынша да тапсырмаларды орындап келеді. Олардың көпшілігі партияның ай­мақтық сайланбалы органдарына мүше. Со­ны­мен қатар, олар “Жол картасы”, “100 мек­теп, 100 аурухана” және “Ауыз су” әлеуметтік аса маңызды бағ­дарламаларды жүзеге асыру, ме­дицина меке­ме­леріне бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін енгізу аясында партиялық бақылау бекет­терінің, жем­қорлықпен күрес жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау ко­мис­сияларының жұмысына үнемі қатысып отырады. Нақты мәліметтер келтіретін болсақ, Сол­түс­тік Қазақстан облысындағы “Нұр Отан” ХДП-ға мүше 209 депутаттың 101-і, яғни 48 пайызы пар­тияның сайланбалы органдарының жұ­мы­сына тұрақты қатысады екен. Ақмола облы­сын­дағы Жарқайың аудандық мәслихатының нұротандық депутаттары өздерінің көпшілік ак­ция­ларын пар­тия филиалының партиялық ба­қылау комис­сия­сы­мен бірлесіп өткізеді. Олар сон­дай-ақ құрылысы жүріп жатқан нысандарда пар­тиялық бақылаудың қосымша бекеттерін ашу жө­нінде бастама көтеріп, рейдтер ұйымдастырған. Тексеріс кезінде белгілі болғанындай, партия қа­та­рындағы депутаттар өз сайлау округтеріндегі сай­лаушылар жиындарына, еңбек ұжымдары мен ме­кемелердегі басқосуларға қатысуымен қатар, партия фи­лиалдарындағы қоғамдық қа­былдау бөлмелерінде азаматтарды жеке қа­был­даулар ұйым­дастырып, әлеуметтік-эко­но­ми­калық сипат­та­ғы аймақтық проблемаларды ше­шу­ге ат­са­­лысады. Мәселен, Шығыс Қазақстан об­лы­сы­ның депутаттары 2008-2009 жылдары сай­лау­шы­лармен, мемлекеттік орг­ан­дар қыз­мет­керлерімен, басқа да мекемелер бас­шы­ла­рының қатысуымен екі мыңнан астам кездесу өткізген. Депутаттар “Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңның негізінде өз қыз­мет­терін депутаттық сауалдар мен жергілікті және орталық мемлекеттік органдарға жүгіну арқылы жүзеге асырады. Ал депутаттық сауалдар мен өтініштер арасында әлеуметтік-эконо­ми­калық, құқықтық және экологиялық, мәдениет және коммуналдық қызмет көрсету салаларына қа­тысты мәселелердің үлесі басым. Бір мысал кел­тірейік, өткен жылы Қарағанды облысының депутаттары мемлекеттік органдарға 80 сауал жолдаған екен. Олардың басым бөлігі шешімін тауыпты, қалғаны тиісті органдардың бақы­лауында тұр. Партияның аймақтық филиалдары соңғы жылдары мәслихаттар депутаттарымен бірлесе отырып, семинарлар мен конференциялар, фрак­ция­ның көшпелі отырыстарын өткізіп, партия саясатын насихаттауды белсенді жүргізе бастады. Айталық, Батыс Қазақстан облысында партия­ның мәслихаттардағы жиырма фракциясының оты­рыстарында “Нұр Отан” ХДП кезектен тыс ХІІ съе­зінің қорытындысы жеке мәселе ретінде қа­ралған болса, Алматы облысында депутаттардың төрт семинар-кеңесі өткен. Ал Оңтүстік Қазақстан об­лы­сында 2008-2009 жылдары партия саясатын халыққа насихаттау мен түсіндіру бойынша БАҚ-тарда 1217 материал жарияланған және эфирден таратылған. Дегенмен, депутаттық фракциялар жұмысын ұйымдастыру барысында бірқатар кемші­лік­тердің орын алып отырғанын да жасыруға бол­май­ды, дейді осы орайда Партиялық бақылау ко­митеті төрағасының орынбасары О.Сәпиев. Та­ратып айтар болсақ, барлық деңгейдегі мә­сли­хаттарда қоғамдық-саяси тұрғыда депутаттардың белсенді және енжар топтары бар екені айқын­да­лып отыр. Мысалы, Павлодар облыстық мәс­ли­хатындағы депутаттық фракцияның 30 мү­шесінің 16-сы ғана белсенділік танытып ке­ле­ді. Мұны партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі азаматтарды қабылдау кес­тесі рас­тай­ды. Сондай-ақ Ақмола, Атырау және Қы­зыл­орда облыста­рын­дағы кейбір аудандық мәсли­хат­тардағы депутаттық фракциялардың қыз­ме­тінде іс жүргізу мен жұмысты жоспарлау тиісті деңгейге қойылмаған. Тексеріс барысында Ас­та­на қаласы депутаттық фракциясының жұмыс жос­пары тек жоба түрінде ғана болғаны анықталды. Алматы қаласының депутаттық фракциясы қызметінде де елеулі кемшіліктер бар, деп жал­ғады сөзін О.Сәпиев. Тексеру көрсеткеніндей, бұл фракцияда 2008 және 2010 жылдарға ар­налған жұмыс жоспары жасалмаған, ал 2009 жыл­ғы жұмыс жоспары болғанымен, ол бе­кі­тіл­ме­ген. Бұдан бөлек, аталған депутаттық фрак­ция­да қа­рал­ған мәселелер фракцияның жұмыс жоспарына сәйкес келмейді. Өйткені, жұмыс жос­парында партияға мүше депу­тат­тар­дың жұ­мысы туралы есептерді тыңдау қа­рас­ты­рыл­маған, әлеуметтік-экономикалық маңызды мемлекеттік бағдар­ла­ма­ларды осы аумақта іске асыруға қатысты мә­селелер де жоспарда көрініс таппаған. Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөл­мелерінде мәслихат депутаттарының аза­мат­тарды қабылдауды ұйымдастыру жұмыстарында да ол­қылықтар орын алып отыр. Нақты мә­лі­мет­тер келтірейік, Қостанай облысындағы Қа­мыс­ты және Науырзым аудандық филиал­да­ры­ның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде де­путаттық корпустың аза­маттарды қабылдауды ұйымдастыруы тиісті дең­гейде жүргізілмейді. Бұл мәселе Павлодар об­лы­сындағы Лебяжье және Май аудандық партия фи­лиал­дарына, сондай-ақ Қызылорда облысындағы Жаңа­қорған және Қазалы аудандық мәсли­хат­тарына да тән. Партия филиалдарына тұрғындар атынан депутаттардың заңсыз әрекеттері туралы жазған шағымдары да кездеседі екен. Мысалы, Алматы қа­лалық филиалына “Тұлпар” автотұрағы тұтыну­шы­лары кооперативінің зейнеткерлері қа­лалық мәс­лихаттың депутаты, партия мүшесі А.Са­ма­т­дин­нің заңсыз іс-әрекеттерінен қорғауды өті­ніп шағым түсірген болса, “Спорткешен” ко­опе­­ративі­нің төрағасы Б.Колмогоров мәслихат де­путаты, партия мүшесі Х.Берғаріповтің қызмет ба­бын пайдаланып, “Спорткешен” коопе­ра­ти­ві­нің ие­лігіндегі жер телімін жекеменшігіне са­тып алғаны жөнінде шағымданған. Сонымен қатар, К.Байділдаева деген азаматша “Алтын диір­мен” корпорациясы” АҚ-тың бірнеше жыл­дан бері дивидент бермегенін, аталған ак­цио­нер­лік қоғамның басшылығы өз жұмысшылары мен қызметкерлерінің зейнетақы қорларына тиесілі ақшаларын аудармағанын білдірген. Осы тұста атап өтейік, “Алтын диірмен” корпорациясының президенті А.Маралов “Нұр Отан” партиясының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. – Талаптың жеткіліксіздігі, сондай-ақ депу­тат­тық фракция мүшелерінің өздері қабылдаған ше­шімдердің орындалуына тиісті бақылаудың жоқ­тығы тәртіптің бұзылуына әкеліп соқ­ты­ратыны рас. Жекелеген аймақтарда осындай ол­қы­лықтарға жол берілгендігін жасыра алмаймыз. Айталық, осы депутаттық шақырылымда “Нұр Отан” ХДП Жарғысының талаптарын бұзғаны үшін 18 адам партия қатарынан шығарылған. Олардың ішінде үш елдің – Қазақстан, Ресей және Германияның азаматтығын алған Павлодар қала­лық мәслихатының депутаты Руфф, бұ­за­қы­лығы үшін сотталған Тупицын және Ертіс ау­дан­дық мәслихатының бұрынғы депутаты Кен­же­таев бар. Сонымен қатар, Қостанай об­лы­сында Арқалық қалалық мәслихатының де­пу­та­ты Ислямиевтің, Қамысты аудандық мәс­ли­хатында Тө­легеновтің, Ұзынкөл мәслихатында Бай­діл­диннің депутаттық өкілеттігі тоқтатылып, партия қатарынан шығарылды. Мұндай фактілер Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қы­зыл­орда облыстарында да кездеседі, – дейді О.Сәпиев. Ақмола облысының Есіл аудандық мәс­ли­ха­тында төтенше жағдай қалыптасқандығын осы жолғы тексеру анықтап беріпті. Төтенше жағдай деп отырғанымыз, кейбір депутаттар сай­лаушылар алдында есеп беруді ұмыт қал­дырған, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдауға қатыспаған. Ал фракция жетекшісі Т.Осипова осы кемшіліктерді жойып, аудандық партия филиа­лы­мен өзара тығыз байланыс орнатудың орнына, аудан­дағы де­путаттық корпустың жік-жікке бө­лінуін ұйымдас­ты­рушылардың бірі болған. Тіпті, партия фи­лиа­лы саяси кеңес бюросының ке­лісімінсіз емделіп жатқан мәслихат хатшысын ауыс­тырып та жіберген. Орын алған осы олқылықтарға партияның Орталық аппараты араласқаннан кейін кемшіліктер түзетіліпті. Жұмыс істей бастағанына онша көп уақыт бола қоймаған Партиялық бақылау комитеті мү­ше­лерінің өңірлерге сапарының нәтижесі, міне, осындай. Партияның депутаттық фрак­ция­ла­ры­ның қызметі аясындағы жүзеге асырылған жұ­мыс­тар мен кемшіліктер аталды. Бұл партиялық бақылаудың пәрменділігін көрсетсе керек. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ. ХАЛЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМА: МЕЖЕЛЕНГЕН МАҚСАТТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАЛАЙ? Масат БЕРІК,  “Нұр Отан” ХДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. “Нұр Отан” ХДП 2009-2012 жыл­дарға арналған іс-әрекеттер страте­гиясында көрсетілген, партия да­муының жаңа кезеңіне аяқ басқан жыл­дан бері облыстық, қалалық, ау­дандық филиалдарында ішкі пар­тия­лық жұмыстар жаңа арнаға қо­йы­лып, бастауыш партия ұйым­да­рының құ­рылымдары елді ме­кен­дерде ықпалды күшке айналатындай етіп кайта ұйымдастырылуда. Өткен жылдан бастап 11 аудан­дық және Тараз қалалық фи­ли­ал­ын­дағы 414 бастауыш партия ұйымын оң­тайландыру арқылы 394 бастауыш ұйымы құрылып, партия жарғысына сәйкес бастауыш партия ұйымдары ішінен – партиялық топтар ашыл­ды. Бұл қадам арқылы бас­та­уыш партия ұйымының жұмы­сын­дағы жал­пыламалықты жойып, партия мү­­шелерімен жұмысты жандан­ды­ру­ға және оларды елге жақындатуға қол жеткізілді. Ішкі партиялық менеджменттің жаңа қағидаттарын енгізу мақ­са­тында облыстық партия ұйым­да­рын­да “2010 жыл – бастауыш партия ұйымы жылы” болып жарияланды. Облыстық филиалдың саяси ке­ңе­сі­нің кеңейтілген отырысында “Нұр Отан” ХДП Халықтық тұғыр­на­ма­сының, “Жол картасы” мен “100 мек­теп, 100 аурухана” бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның 2008-2009 жылдары облыста орындалу барысы және оларды іске асыруға байланысты алда тұрған міндеттер туралы мәселе қаралды. Партия дамуының жаңа ке­зе­ңінде фракция жұмысының ауқымы кеңіп, жауапкершілігі артуына бай­ла­нысты “Қазақстанның өсіп-өр­кендеуі мен қазақстандықтардың игі­лігі үшін: біз елдің әрбір аза­ма­ты­ның өмірін қалай жақсартамыз?” атты партияның Халықтық тұғырнамасы  негізгі бағыт болып айқындалған. Халықтық тұғырнамадағы адам ден­саулығы басты басымдыққа ие болуына байланысты медициналық қызмет көрсетуді әлемдік стан­дарт­тар деңгейіне көтеру және олардың ха­лыққа қолжетімді болуы фрак­ция­ның тұрақты бақылауына алынды. Ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда соңғы екі жылда айтарлықтай жұ­мыс­тар атқарылды. Мысалы, “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы бойынша Жамбыл ауданында күніне 250 келушіге арналған емхана мен Шу ауданында 150 орындық ау­ру­хана салына бастады. Облыстық бюд­жет есебінен бұрнағы жылы 27 дә­рігерлік амбулатория құрылысы бас­талып, оның 14-і пайдалануға бе­рілді. Өткен жылы оның қалған 12-сі пайдалануға беріліп, 6 ам­була­тория мен медициналық қо­сын­дар­дың құрылысы басталды. Бұған қоса “Жол картасы” бойынша жөндеуге тие­сілі 19 денсаулық сақтау ны­са­нына 557,4 млн.теңге қаралып, бү­гінге 10 нысанның жұмысы аяқ­тал­ды. Ауыл­ға жас дәрігерлерді тұрақ­тан­­­ды­ру мақ­сатында облысқа келген 104 жас ма­­манның 57-і ауылдағы ауру­ха­наларға жұмысқа орналас­ты­ры­лып, 35 маманға жәрдемақы берілді. Білім беруді дамыған елдердің стан­дарттарына жақындату мен қол­жетімді ету партия назарынан тыс қалған емес. Білім беру сапасын кө­теру мен соңғы үлгідегі ақпараттық тех­нологияларды оқыту жүйесіне енгізу жұмыстары бойынша облыс­та­ғы барлық мектеп компьютермен қам­тамасыз етіліп, оның 92,8 па­йызы интернетке қосылған. Облыста білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Мек­теп­тердің инфрақұрылымдық жүйесін нығайтуда “100 мектеп, 100 ауру­ха­на” бағдарламасының орны ерек­ше. Бұрнағы жылы облыста 10 мектеп құрылысы жүргізіліп, оның 9-ы жергілікті бюджет қаржысына салынды. Бүгінгі таңда 10 мектептің 4-і пайдалануға берілді. Осыған орай Үкі­ме­тіміздің әлемдік қаржы дағдарысынан шығуға арналған іс- қимыл жоспарының бірі – “Жол кар­тасы” облысымызда білім саласында қор­даланып қалған жөндеу жұ­мыстарының шешімін табуына көп ықпал етті. Атап айтсақ, “Жол кар­тасына” байланысты облыс бо­йынша 113 білім беру нысанын жөн­деуге 2026,6 млн. теңге қараст­ы­рыл­са, оның төрттен бірі жергілікті бюд­жеттің есебінен атқарылды. Биыл “Жол картасына” мемлекет тара­пы­нан (199 жобаға) 5 млрд. 224 млн. теңге және облыстық бюд­жет­тен 3 млрд 374 млн. теңге қаралып, 8489 жұмыс орны ашылады. Елбасы Саяси кеңес бюросында: “Ха­лықпен тікелей эфир кезінде 40 мыңнан астам сұрақ келіп түскенін еске алайық. Халық маған неліктен мұншалықты көп сауал жолдады? Сіз­дер осыны ойладыңыздар ма? Ха­лықтың арыз-шағымдарымен партия мен оның әрбір мүшелері айналысуы керек” деп, “Нұр Отан” ХДП үлкен жауапкершілік артқаны белгілі. Осы орайда партияның облыстық фи­лиа­­лына қарасты 12 қоғамдық қабылдау бөлімі ашылып, елмен ете­не жұмыс істеп жатыр. Олар Елбасы тапсыр­ма­лары мен ай­мақ­тық және ау­мақ­тық мем­ле­кет­тік бағдар­ла­малардың орындалуына қоғамдық қадағалау жүргізу арқылы халықтың әлеуметтік мәселелерін зерделеп, оларды шешу жолдарына ықпал етеуде. Алғашқы жылдарға қарағанда пар­тияның қоғамдық қабылдауына келетін адамдар саны көбейе түсті. Мысалы, 2006 жылы – 785, 2007 жылы – 2236 , 2008 жылы – 2890, 2009 жылы 4038 өтініш қаралды. Қоғамдық қабылдау бөлімдеріне келіп түскен өтініштерді зерделеу ке­зін­де зейнетақы мен әлеуметтік тө­лем­дерге, тұрғын үй алуға, ла­уа­зымды адамдардың заңсыз әре­кет­тері мен сот шешімдерінің орын­дал­мауына байланысты өтініштердің кө­бейгені белгілі болды. Сондай-ақ, кәсіп­керлер тарапынан қарама­ғын­да­ғы жұмысшыларының жалақ­ы­ла­рын уақтылы төлемеу фактілері де орын алғандығы анықталды. Мы­са­лы, аталған мазмұнда 48 өтініш түсті. Облыс басшыларының елмен кездесулерінде және облыстық, аудан­дық мәслихат депутаттарының атқарушы орган басшыларымен бірлесіп өткізген қоғамдық қабыл­дау­лар барысында елден түскен өзек­ті мәселелер банкісі құрылып, 139 ма­ңызды мәселеге байланысты ар­найы іс-шаралар жасалынды. Негізгі мәсе­ле­лер қатарына ауыз сумен қам­тамасыз ету, жол жөндеу, әлеуметтік ны­сан құрылыстарын жүргізу, теле­ком­­му­ни­кация торабының жұмысы және ба­лабақша ашу сияқты мәселелер енген. Президент Н. Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа эконо­ми­ка­лық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кіндіктері” атты Қазақстан хал­қына Жолдауын іске асыруды ақ­параттық-насихаттық тұрғыдан қам­тамасыз етуді ұйымдастыру да нә­тижелі жүргізілуде. Бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі 82 ақ­па­рат­тық-насихаттық топ мүшелері аудандар мен Тараз қаласында 353 кездесу мен тұрғындар жиындарын өткізіп, оған 38 мыңнан аса адам қатысты. Кездесу барысында тұр­ғын­­дар Елбасының үстіміздегі жыл­ғы Жолдауын толығымен қуаттап, әр­түрлі бағыттағы ұсыныстар мен пікірлер білдірді. “Жас Отан” жастар қанаты ұйымдастырған “Өрле, ауылым!” атты жастар автокеруені Жамбыл, Талас, Байзақ, Меркі және Шу аудандарында 25 кездесу өткізіп, оған 2750 ауыл жастары қатысты. “Нұр Отан” ХДП-ның өңірлерде өткізіп жатқан акциясы облыстағы Шу қа­ла­сында партия Төрағасының бі­рінші орынбасары Н. Нығма­ту­лин­нің қатысуымен жалғасын тапты. Облыста Жеңістің 65 жылдығына арналған игілікті іс-шаралар да бас­та­лып кетті. Өңірдегі 851 соғыс арда­гері мен мүгедегін әлеуметтік жа­ғы­нан қолдау арнайы жоспар бойынша жүргізілуде. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының 100 жыл­дық мерейтойына арналған іс-ша­ралар жүргізілуде. Сондай-ақ, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы Ұлы Отан соғысы туралы ең үздік очерктерге байқау жариялады. “Нұр Отан” ХДП ХІІ съезінде пар­тия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев партия активінің алдында жаңа ауқымды міндеттер қойған болатұғын. Сол міндеттердің бірі – партияның ішкі тәртібін нығайту және Партиялық бақылау коми­те­тінің жұмысын күшейту болып бел­гіленді. 2009 жылы партияның ба­қылау комиссиялары құрылып, дағ­дарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген мемлекет қаржысын пай­далану барысын бақылау бойынша “Жол картасы” мен “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасына кіретін нысандарда 251 партиялық бақылау бекеті ашылып, оған 168 фракция мүшесі жетекшілік етті. Партиялық бақылау бекетінің бақылауында бол­ған нысандарда жобадан ауытқу, са­пасыз, стандартқа сай емес құ­рылыс материалдарын пайдалану және Үкі­меттің қаулысына сәйкес жергілікті тұр­ғындарды жұмысқа алу мәсе­лелері бойынша заңсыздықтар анықталып, орнына келтірілді. Жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қаражаттың мақ­сат­ты жұмсалуы, аймақтық бағ­дар­ламалардың орындалуы бойынша Жамбыл, Жуалы, Шу аудандарында облыстың партиялық бақылау ко­мис­­сиясының көшпелі отырысы өтті. Аталған аудандардағы жол жөн­д­еу жұмыстарындағы келең­сіз­дік­терге байланысты аудан тұр­ғын­дарынан түсіп жатқан хаттар мен ұсы­­ныстар, қалыптасқан қоғамдық пікір төңірегінде жұмыстар жүр­гі­зі­лу­де. Биыл қалалық және ау­дандық фи­лиалдар Саяси кеңесі бюро­сы­ның қауларына сәйкес “Жол кар­та­сындағы” 199 нысанға 175 фракция мү­шесі жетекшілік етеді. Сол сияқты Партиялық бақылау комитетінің ұсынысы бойынша Тараз қаласын­дағы 33 медициналық мекемеде 28 партиялық бақылау бекеті ашылды. Елбасы, “Нұр Отан” ХДП Төра­ға­сы Нұрсұлтан Назарбаев пар­тия­ның кезектен тыс ХІІ съезінде сөй­леген сөзінде: “Халықтық тұғыр­на­мада көрсетілген, ел алдында уәде еткен істерді дағдарыс жағдайында да одан әрі атқару міндеттері жүктеледі, мұның бәрінен де біз зор та­быстармен шы­ғамыз” деп атап көр­сеткен болатын. Мемлекет бас­шысының осынау салиқалы саясаты негізінде қабыл­данған “Нұр Отан” халықтық-демо­кратиялық пар­тия­сының Халықтық тұғырнамасы ел эконом­и­касының дамуын, қазақ­стандықтардың өмір сүру сапасын арттыруды көздеген бірден-бір құжат екенін уақыттың өзі дәлелдеп беруде. Тараз.