Дәурен Сәбитұлы 1980 жылы 19 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туылған.
Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппараты туризм және спорт бойынша бас маманы болып бастаған.
1999-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы «Молсервис» консорциумның экономисті, Петропавл қаласы «Асыл Мұра» ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкері, «Қазкоммерцбанк» АҚ Петропавл филиалы: шағын бизнес секторының менеджері, шағын бизнес секторының меңгерушісі, клиенттермен жұмыс бойынша менеджері, «АТФ Банк» АҚ Алматы қаласы: өңірлік үйлестіру бөлімінің менеджері, ШОБ кредиттеу басқармасының бастығы, №3 БҚО директоры, «Альянс Банк» АҚ Астана қалалық филиалы директорының корпоративтік қаржылау бойынша орынбасары, Астана қаласы «Астана Capital building Project» ЖШС директорының кеңесшісі, Ресей Федерациясы Омбы қаласы «РоКАС» ЖШҚ қаржы директоры, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Астана қаласы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Аграрлық Несие Корпорация» АҚ Басқарма Төрағасы, «Агрофуд Береке» ЖШС директорының орынбасары, Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып қызмет жасаған.
2019 жылдың ақпан айынан «АӨК кредиттік серіктестер ассоциация» ЗТБ Төрағасының кеңесшісі, Үйлестіру кеңесінің төрағасы лауазымында қызмет атқарып келген.