• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Сәуір, 2019

Жаңа жолдарды салу кезінде климаттық жағдайлар ескеріледі - ҚР ИИДМ

776 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Әбіләлиев PrimeMinister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында су тасқыны кезеңінде автомобиль жолдарының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы айтып берді.

Соңғы жылдары су тасқыны мәселесі өте өзекті, кей жерлерде климаттық жағдайлар өзгеруде. Бұдан бұрын салынған жолдар, әсіресе көктемгі су тасқыны кезеңінде, еріген судың өтуін қамтамасыз етпейтіндіктен, Министрлік аталған бағытта кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

«Реконструкциялау мен жаңа жолдарды салу кезінде біз климаттық жағдайларды ескереміз. Арнайы зерттеулер жүргізілді, осылайша біз жаңа жобаларда барлық мәселелерді ескереміз: еріген сулардың өту орындары қайта қарастырылады, кейбір құбырлардағы тесіктер үлкейтіледі, еріген суларды қауіпсіз өткізу үшін барлық қолжетімді технологиялар қолданылады», - деді С. Әбіләлиев.