• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2019

Маңғыстауда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті

923 рет
көрсетілді

Аталған іс-шараға қалалық және аудандық орталықтардың полиция департаментінің қоғамдық кеңесінің мүшелері тартылды.

Акция барысында тәртіп сақшылары тиісті баннерлермен жабдықталған арнайы бөлінген автобустарда халықты жеке қабылдау өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдауға ыңғайлы болу үшін орындықтары бар үстелдер орнатылған болатын.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы партиялық бақылау инспекторы Рахымжан Шалбаевтың айтуынша, аталмыш акция халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру мақсатында өткізілген болатын.

-Мұндай шараларға тұрғындардың белсенді қатысуының өзі халыққа пайдалы екендігін көрсетеді. Себебі уақыт үнемдеп, көкейдегі сұраққа жауап алуға болады және өзіңіздің ұсынысыңыз болса айта алады.  Жалпы айтайын дегенім, шараға қатысушылар өте белсенді екендіктерін таныта білді. Негізінен бұл шара алғаш рет өткізіліп отырған жоқ, бұған дейін де бірнеше рет өткен болатын. Алдағы уақытта бірлескен шара міндетті түрде жалғасын табады»,  деді ол.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізу, сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полицейлердің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану, «сенім телефондарының» жұмыс істеу тәртібі туралы түсінік берілді. Телефон қоңыраулары, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі полиция департаментінің аккаунттарында онлайн-қатынас арқылы «жедел желі» өткізу қосымша ұйымдастырылды.

Облыс бойынша барлық өткізілген акциялар – 16, оның ішінде Ақтау қаласында – 6, қала және аудан орталықтарында – 10. Акцияны өткізуге қатысқан тәртіп сақшылар саны – 151, ал қатысқан азаматтар саны – 1238, олардан келіп түскен өтініштер барлығы 1273 болды.  

Сұрақтардың дені автокөліктерді тіркеу, жүргізушілік куәліктер алу тәртібі, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралын қайта жабдықтау, айыппұлдармен салықтарды төлеу, көші-қон қызметі және т.б. сұрақтар түсті.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы және әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қойылған барлық сұрақтарға  жауаптар қайтарып, тұрғындардың ұсыныстарын жауапты мекемелерге жеткізетіндіктерін айтты. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция қорытындысы бойынша барлық 1273 өтініш қанағаттандырылған.