• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
10 Сәуір, 2019

БҰҰ-дағы үш жыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік сайлауға түсуіне кедергі бола алмайды

905 рет
көрсетілді

Қолданыста заң бойынша соңғы 15 жылда Қазақстаннан қоныс аудармаған, 40 жастан асқан және мемлекеттік тілді еркін меңгерген Қазақстанның кез келген азаматы Президенттік сайлауға түсе алады.

Кешелі бері саясаттанушылар арасында  «қазіргі  Президент Қасым-Жомарт Кемелұы Тоқаевтың 2011-2013 жылдар аралығында БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары болып істеген  үш жыл кедергі  келтірмей ме?» деген сауалдар жиі айтыла бастады.

Әділет вице-министрі Наталья Пан бізге берген сұхбатында бұл кезең іс-сапармен байланысты болғанын айтты. Демек, БҰҰ-дағы үш жыл Қасым-Жомарт Кемелұлының президенттік сайлауға түсуіне кедергі бола алмайды. 

Бүгін түс ауа вице-спикер Гүлмира Исимбаева журналистермен кездескен кезде дипломаттар тәрізді Қасым-Жомарт Кемелұлы 3 жыл іс-сапарда болғанын, бұл шетелге түпкілікті қоныс аударды дегенді білдірмейтінін айтты.