• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:41

Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді

10 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ұлытау облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Жұмыс сапары барысында Қ. Бозымбаев Жезді өзенінің арнасындағы жағдаймен танысып, Қарсақпай, Сарлық, Қорғасын, Бозтұмсық және Малшыбай елді мекендерін су тасқынынан қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қарап шықты. Сонымен қатар Қарсақпай және Кененбай бөгеттерін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-министрінің орынбасары Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасына барып, қала әкімінің қазіргі жағдай жөнінде баяндамасын тыңдады.

Қазақстан жолдарында су тасқыны қаупі бар 200-ден астам учаске анықталды

Облыс аумағында су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен белгілі болды. Оның сегізінде су басу қаупі сақталып отыр, ал қалған 19 елді мекенде жүргізілген инженерлік және алдын алу шараларының нәтижесінде қауіп едәуір төмендеді.

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңірде 1,6 шақырым қорғаныс дамбасы салынды, 3,5 шақырым канал, 3 шақырым арық және 350 су өткізу құрылысы тазартылды.

Еліміздегі су тасқыны қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

Қазіргі уақытта Сарысу, Жаман Сарысу, Талдысай, Қаракеңгір, Жезді өзендері мен Кеңгір, Ақтасты және Жезді су қоймалары тұрақты бақылауда тұр.

 

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар