• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2019

iKomek 109 орталығы мен «Nur Otan» партиясы «Халыққа көмек» бірлескен жобасын іске қосты

1810 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы астаналық филиалының қоғамдық қабылдауына азаматтардан келіп түскен өтініштер бұдан былай iKomek 109 өтініштер жүйесінде автоматты түрде тіркеледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба iKomek 109 орталығы мен Nur Otan партиясы филиалының қоғамдық қабылдауы бірігуінің аясында жұмыс істейді.

Бірлескен жоба ағымдағы жылдың ақпан айында «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде  партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан әлеуметтік саясатты іске асыруға толық мүмкіндік береді. Жаңа әлеуметтік саясат халықтың әлсіз топтарының табысы мен әл-ауқатын арттыруға, атап айтқанда көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларды, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін қолдауға, денсаулық сақтау саласын дамытуға, бизнес пен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, жергілікті жолдар желісін жөндеуге, салуға және кеңейтуге бағытталған. 

«Енді «Nur Otan» партиясы астаналық филиалының қоғамдық қабылдауына азаматтардан келіп түскен өтініштер iKomek 109 өтініштер жүйесінде автоматты түрде тіркеледі. Елордалық IKomek109 бірыңғай байланыс орталығының мүмкіндіктерін пайдалану халықпен кері байланыстың мықты жүйесін қалыптастыруға көмектеседі», – делінген партияның елордалық филиалының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.   

Әкімдіктің IKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Өткен жылы орталық миллионнан астам өтінішті қабылдады. Күн сайыни  мұнда 14 мыңға тарта өтініш келіп түседі. Олардың атқарылу пайызы 99%-ды құрайды. Жыл басынан орталыққа 500 000-нан астам өтініш келіп түсті.