Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстанның 27-ші чемпионаты мәресіне жетіп, жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер анықталды. Талдықорған мен Петропавлда өткен қорытынды турда өскемендік «Алтай» чемпиондық атақты иеленген болатын. Ұлттық лиганы ұйымдастырушылар плей-офф кезеңіндегі үздік ойыншылардың есімін атады деп жазады Olympic.kz.
«Алтай» командасының бағалы ойыншысы - Сана Анарқұлова.
«Алтай» командасының үздік либеросы – Татьяна Фендрикова
«Жетісу» командасындағы үздік орталық блоктаушы – Алеся Сафронова
«Алтай» командасындағы үздік орталық блоктаушы – Кристина Аниконова
«Жетісу» командасындағы үздік байланыстырушы – Анна Тарасова
Қазақстан чемпионатының қорытындысы кестесі:
1. «Алтай», Өскемен
2. «Жетісу», Талдықорған
3. «Ертіс-Қазхром», Павлодар облысы
4. «Алтай-2», Өскемен
5. «Қуаныш», Петропавл
6. «Алматы», Алматы
7. «Астана», Нұр-Сұлтан
8. «Қарағанды», Қарағанды облысы