Мәселен, қаладағы кафе-барлардың 7 әкімшісіне қоғамдық орындарында кальян бұйымдарын пайдалануға рұқсат бергендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 3-бөлігімен әкімшілік шараға тартылды, яғни 25025 теңге айыппұл салынды.
Қоғамдық орындарда кальян бұйымдарын пайдаланған үшін 21 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жасөспірімдерді ойын-сауық орталықтарында заңды өкілдерісіз жүргендерін анықтау жұмыстары барысында компьютерлік клубта түнгі мезгілде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жүргендері анықталып, клубтың әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігіне әкімшілік құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Сондай-ақ, жасөспірімдерді ойын-сауық орталықтарында түнгі мезгілде жүруге жол бергендігі үшін 2 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақтау қаласы 27 шағын ауданда орналасқан дүкеннің сатушысы түнгі мезгілде алкогольдік бұйымдарын сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, жоғарыда көрсетілген профилактикалық шаралар бұдан әрі апта сайын өткізілетін болады.
Маңғыстау облысы