• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
11 Сәуір, 2019

Президент халық мандатына ие болады - Гүлмира Исимбаева

931 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев 2019 жылдың 9 мау­сымында бүкілхалықтық пре­зи­денттік сайлау өтетінін мәлім­деді.
Оның бұл мәлімдемесі дәл өз уақытында жасалған орынды шешім болды. Себебі транзиттік биліктің  бір жарым жылға созылуы мүмкін емес. Оның салдары қиын жағдайларға әкеледі. Сондықтан кезектен тыс сайлау өткізу ту­ра­лы шешім өте маңызды. Қазіргі еліміздегі жағдай­ды сырттан бақылап отырған көр­шілес елдер көп. Қазақстанда бұдан әрі қандай саясат орын алар екен, әлеуметтік-экономика­лық тұрақтылық сақтала ма деген сынды ойлар оларды бей-жай қалдырмайды. Осындай сәтте нақты заңнама жүзінде ашық түр­де Президент сайлауын кезек­тен тыс өткізу өте қажетті іс. Прези­дент көптеген елдермен екіжақты шарттар мен  келіссөздер жүргізеді. Сол секілді ішкі мəселелерде де тіке­лей Президенттің шешімін күте­тін маңызды мəселелер көп. Осы­ның бəрін шешуде уақытша тұл­ға­ға деген сенім берік болмайды. Сондықтан ол халық мандатын толық алуы керек. Ол үшін, əри­не, жалпыхалықтық сайлау­да көпшілік дауыспен жеңіп шық­қаны дұрыс. Сайлауда жең­ген Президенттің өкілдігі толық­қан­ды болады. Президент Қасым-Жо­март Тоқаев атап өткен­дей, сай­лау таза, ашық əрі əділ өте­­ді. Нəти­же­­сінде Президент  халық­тың сенімді мандатына ие болады.   Гүлмира ИСИМБАЕВА, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары