«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 9 сәуірде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шешімнің өз уақытында және орынды қабылданып отырғанына мен сенімдімін. Президент Жарлығы қоғамда туындап отырған көптеген сұрақтарға жауап береді. Қазақстандықтар үшін ең қымбат құндылық – бейбітшілік пен тыныштық, экономикалық тұрақтылық аса қажет. Міне, сондықтан Қазақстан қоғамы Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын заңды түрде қамтамасыз етілуін күтуде», деді Д.Назарбаева.
Бұдан соң, ол тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның даму моделі мен елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық жайында сөз етті.
«Алдағы сайлау біздің халқымыздың даналығы мен көрегендігін тағы да дәлелдейтіні айқын. Президенттік сайлау ел дамуына тың серпіліс, жаңа серпін беретіні сөзсіз. Президент жарлығы осы бағыттағы жұмыстарды қазірден бастап, күрделі проблемаларды кейінге қалдырмай, шұғыл шешуге мүмкіндік береді», деді Парламент Сенатының Төрағасы.
Оның айтуынша, Конституциялық заңға сәйкес сайлау екі ай мерзім ішінде өткізілуі тиіс.
«Сайлау науқаны әрқайсымыз үшін аса жауапты жұмыстар кезеңі болып саналады. Азаматтардың өз еркін ашық білдіруі тәуелсіз Қазақстанның үлкен жеңістерінің бірі. Біздің ортақ міндетіміз – Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын әділ, заңды және ашық өткізуді қамтамасыз ету болып табылады», деді Дариға Назарбаева.