• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2019

iKomek үш айда 500 мыңнан астам өтініш қабылдады

901 рет
көрсетілді

Қаңтар-наурызда бірыңғай байланыс орталығы жарты миллионнан астам өтініш қабылдады, оның 6 400-і жұмыс процесінде деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 2018 жылы 1 млн-нан астам өтініш келіп түскен болатын. 

«Алайда, бұл қалалық проблемалардың көп болғандығын білдірмейді. Тұрғындар енді қайда және қандай мәселелер бойынша хабарласуды біледі. Билік пен халықтың кері байланысы қалыптасқан кезде, елорданың жүйелі мәселелерін бірігіп шешу тиімдірек болды», – деп мәлімдеді бірыңғай байланыс орталығының баспасөз қызметінде. 

Нұр-Сұлтан әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығына (iKomek 109): 

1) www.astana.gov.kz әкімдіктің ресми сайты арқылы; 

2) https://t.me/astanaikomek109_bot Telegram чат-бот арқылы: 

3) 109@ikomekastana.kz поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы; 

4) ikomek109 мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket) арқылы; 

5) Smart Astana мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket) арқылы; 

6) : +7-747-109-0-109 Whatsapp iKOMEK109 нөмірі арқылы; 

7) 1-0-9 нөмірі арқылы (қала бойынша және ұялы телефонға тегін) хабарласуға болады.