• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Сәуір, 2019

Жанды жадыратқан жаттығу денсаулық күніне арналды

1229 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде жаппай жаттығулар өткізілді. Елордамыздың №10 мектеп-гимназиясында оқитын дамуында ерекшеліктері бар балалар аталған шараға белсенді қатысты.

«Жалпыға бірдей денсаулық» ұранымен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас­тамасы бойынша Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының тұрақты өкілі Олег Чест­нов, белгілі әнші, «Қазақстан да­­уысы» байқауының жеңімпазы Ш­а­hаризат Сейдахмет, мектеп оқушылары және мұғалімдердің қатысуымен жаппай жаттығу өтті. Аталған мектепте балалар мен жасөс­пірімдердің ден­­саулығын нығайтуға, ден­сау­лыққа деген сауатты көз­қа­рас қалыптастыруға, оны қол­­­дау тетіктерін құру үшін жағ­­­дай жасауға бағытталған «Ден­сау­­лықты нығайтуға ық­пал­да­сатын мектептер» жобасы іс­ке асырылып жатқанын айта кеткен жөн. Жаппай жат­тығулар өткізудің мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу, саламатты өмір салты +машықтарын қалыптастыру. Балалар семіздігі мен басқа да жұқпалы емес ауру­лардың деңгейі артып келе жатқан жағдайда денсаулық мәдениетін дамытуға ықпал ететін осындай бастамалар денсаулықты сақтау және нығайтудың маңызын сөз­бен ғана емес, іс жүзінде де көр­­сетті. Дене белсенділігі, қи­мыл-қозғалыс зейінділік пен оқу қа­білетін жақсартады, күйзе­ліс­тен арылтады. Әрі дұрыс сал­мақты ұстап тұру үшін де өте маңызды рөл атқарады», дейді ұйымдастырушылар.

Осы күні жаппай жаттығу №83 мектеп-гимназиясының 1300-ден астам оқушылары мен мұғалімдері, сондай-ақ БҰҰ Ба­лалар қорының Қазақстандағы өкілінің орынбасары Вероника Ващенко, Денсаулық елшісі, Гиннес рекордтар кітабының 7 дүркін рекордшысы, әлемнің ірі шөл далаларын шарлап өткен жалғыз адам Марат Жылан­баев­тың қатысуымен астанадағы Триат­лон саябағында да өткізілді. Мұндай жаттығулар өңірлердегі мектептерде де өткізілетінін айта кеткен ләзім.