• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2019

Халықаралық инспекциялық топ қазақстандық бітімгершілердің миссияға әзірлігін тексеруде

862 рет
көрсетілді

Бригадалық генерал Нагендра Сингхтың басшылық етуімен Үндістан Республикасы Қарулы Күштерінің инспекциялық тобы қазақстандық бітімгершілік полкінің екінші ротасы жеке құрамының Ливанға кетуге және ол жақта орналасуға дайындығына баға беру үшін Алматы облысына келді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық бітімгершілердің инспекциялық тексеруін Ливанға кетер алдындағы емтихан деп атауға болады.  Оларға азаматтық адамдарды қорғау бойынша брифинг өткізіп, тарих, күштерді орналастыру және ЛБҰҰУК ағымды қауіп-қатер, Ливанның Қарулы Күштері мен Израильдің қорғаныс күштері, қақтығыстар тарихы, мандатты қоса алғанда миссияға қатысудың заңдық аспектілері, өзара түсіністік туралы Меморандум, миссия мен күштердің мәртебесі туралы келісім, сондай-ақ БҰҰ-ның күштеріне қойылған талаптар деген негізгі тақырыптар бойынша сынақ тапсыру қажет.

Тәжірибеде қазақстандық бітімгерлер блок-бекеттерді ұйымдастыру жұмыстары бойынша қойылған кіріспе тапсырмалармен, жауапкершілік аумағын патрульдеу, гуманитарлық жүктерді сүйемелдеу бойынша жарты жыл ішіндегі курста шыңдаған дағдыларын көрсете отырып, жергілікті жердің сұлбасын қолдану арқылы оқу-жаттығу өткізеді.

Өз кезегінде, бригадалық генерал Нагендра Сингх қазақстандық бітімгершілік контингентінің өте жақсы дайындығы үшін алғысын білдірді. Оның сөзіне сәйкес қазақстандық бітімгершілер тек өз ісінің шеберлері ғана емес, Ливан Республикасында миссияны орындау кезінде жеке басының жоғары қасиеттерін көрсете біледі.