• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2019

​Қазақстан елшіліктерінде инвестициялық жобаларды басқару жөніндегі фронт-кеңселер құрылады

818 рет
көрсетілді

Бүгін Сыртқы істер министрлігі өзара іс-қимылдың тікелей тізбегін құру бойынша Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінен бастап елдің жергілікті атқарушы органдарына дейін белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта жауапты және мүдделі тараптармен бірлесіп бұл фронт-офистердің қызметін келісу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол консультациялық қызметтер көрсету, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмысты көздейді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы фронт-офистердің ақпараттық платформасы ретінде қолданылатын жобаларды және инвесторларды онлайн режимде сүйемелдеу үшін СRM (Client relationship management) атты жүйесі іске қосылды.

Аталған жүйе бірыңғай электронды мәліметтер базасында онлайн режимде жобалар, инвесторлар және өтініштер туралы өзекті ақпараттың қалыптасуын, сонымен бірге инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы бойынша мониторингін қарастырады.