Жалпықалалық «Jasyl Meken» акция барысында демалыс күндері Алматының барлық сегіз ауданында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады.
Көктемнің аяғына дейін қала басшылығы 12 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Дәл осы күндері қаланың барлық аудандарында көшелер, аула аймақтары, көпшілік орындар, арық желілері, өзен арналары мен жағалаулары санитарлық тазалықтан өтеді. Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы барлық алматылықтарды жалпықалалық «Jasyl Meken» акциясына қатысуға және өз аулаларында ағаш отырғызуға шақырады.
Алматы