• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2012

Сот үкімі шықты

468 рет
көрсетілді

Сот үкімі шықты

Сейсенбі, 5 маусым 2012 6:56

Кеше Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 16-17 желтоқса­нында Жаңаөзен қаласында қирату, тонау, өртеу және бейбіт тұр­ғын­дар мен полиция қызметкерлеріне күш қол­данумен ұштасқан жаппай тәртіп­сіздіктерді ұйымдастырды және оларға қатысты деп айып­талған 37 тұлғаға қатысты қыл­мыс­тық іс бойынша үкім жарияланды.

 

Сейсенбі, 5 маусым 2012 6:56

Кеше Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 16-17 желтоқса­нында Жаңаөзен қаласында қирату, тонау, өртеу және бейбіт тұр­ғын­дар мен полиция қызметкерлеріне күш қол­данумен ұштасқан жаппай тәртіп­сіздіктерді ұйымдастырды және оларға қатысты деп айып­талған 37 тұлғаға қатысты қыл­мыс­тық іс бойынша үкім жарияланды.

Аталмыш қылмыстық іс бойынша сот отырыстары ашық тәр­тіпте барлық мүдделі тараптардың қаты­суымен өтті. Процесті бұқа­ралық ақпарат құралдары, халық­аралық және республикалық бақы­лаушы­лар, қоғам өкілдері бақылады.

Сот отырысына 6 мемлекеттік айыптаушы, 12 қорғаушы қатысып, 170 жәбірленуші мен 92 куәгер тыңдалып, іс бойынша айғақ заттар зерттелді.

Сот үкімімен:

1. ҚР ҚК-нің 241-бабының 2,3-бөліктерінде көзделген қыл­мыс­­­тарды жасады деп айыпталған Е.Ирмұқанов кінәсіз деп танылып, оның қылмыстарға қатыстылығы дәлелденбегендіктен ақталды. Қол­­данылған «қамауға алу» бұл­тартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

2. ҚР ҚК-нің 241-бабының 2,3-бөліктерінде көзделген қыл­мыс­тарды жасады деп айыпталған Ж.Бопилов кінәсіз деп танылып, оның қылмыстарға қатыстылығы дәлелденбегендіктен ақталды. Ж.­Бо­пиловқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

3. ҚР ҚК-нің 241-бабының 2,3-бөліктерінде көзделген қыл­мыстарды жасау бойынша айып­талған М.Сарыбаев кінәсіз деп танылып, оның қылмыстарға қатыс­тылығы дәлелденбегендіктен ақ­талды. М.Сарыбаевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

4. М.Жұмағалиев ҚР ҚК-нің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы та­ғайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. М. Жұ­мағалиевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

5. П.Дүйсембаев ҚР ҚК-нің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бос­тандығынан айыру жазасы та­ғайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. П.Дүй­сембаевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

6. С.Ақжігітов ҚР ҚК-нің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қыл­мыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы та­ғайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. С.Ақ­жігітовке қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

7. Ж.Ерғазев Қазақстан Респуб­ликасының Қылмыстық кодексінің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы таға­йындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. Ж.Ер­ғазевке қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

8. С.Ысқақов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 241-бабының 2­-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы та­ға­йындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. С. Ысқа­қовқа қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.

9. С.Аспентаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайын­далған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі бел­гі­ленді. С.Аспентаевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

10. С. Қойшыбаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көз­дел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайын­далған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі бел­гіленді. С.Қойшыбаевқа қолда­ныл­ған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

11. Р.Мұхамедов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көз­дел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63 бабы негізінде тағайын­далған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі бел­гіленді. Р.Мұхамедовке қолданыл­ған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

12. И.Шәмілов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63 бабы негізінде тағайын­далған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі бел­гіленді. И.Шә­міловке қолданылған «қамау­ға алу» бұлтартпау шарасы бұзы­лып, ол дереу сот залынан босатылды.

13. Б.Телегенов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайын­далған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгі­ленді. Б.Телегеновке қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

14. А.Тәдженов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайын­далған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі бел­гіленді. А.Тәд­женовке қолданыл­ған бұлтарт­пау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қой­дыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.

15. Ж.Өтебеков ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайын­далған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі бел­гіленді. Ж.Өтебековке қолданыл­ған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

16. Қ.Қойшыбаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 1 жыл сынақ мерзімі белгіленді. Қ.Қой­шыбаевқа қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.

17. Ж.Аманжолов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайын­далған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгі­ленді. Ж.Аманжоловқа қолданыл­ған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

18. Н.Мұқашев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайын­далған жазаны шартты деп есептеп 1 жыл сынақ мерзімі белгіленді. Н.­Мұқа­шевқа қолданылған бұлтарт­пау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.

19. А.Дүйсенбаева ҚР ҚК-нің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. А.Дүй­сенбаеваға қолданылған бұлтарт­пау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.

20. Ж.Мұрынбаев ҚР ҚК-нің 241-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Респуб­лика­сының 2011 жылғы 28 жел­тоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы­ның 4-бабының негізінде Ж.Мұ­рынбаев жаза өтеуден босатылды. Ж.Мұрынбаевқа қолданылған «қа­мау­ға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

21. А.Шамов ҚР ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің «а,в» тармақта­рында көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостанды­ғынан айыру жазасы тағайын­далды. Қазақстан Республика­сы­ның 2011 жылғы 28 желтоқсан­дағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты ра­қымшылық жасау туралы» Заңы­ның 4-бабының негізінде А.Шамов жаза өтеуден босатылды. А.Ша­мов­қа қолданылған бұлтартпау «қамауға алу» шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

22. К.Бекжанов ҚР ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Респуб­ликасының 2011 жылғы 28 желтоқ­сандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты ра­қымшылық жасау туралы» Заңы­ның 4-бабының негізінде К.Бекжанов жаза өтеуден босатылды. К.Бекжановқа қолданылған бұлтарт­пау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.

23. А.Мұнайтпашев ҚР ҚК-нің 241-бабы 3-бөлігі, 175-бабы 2­­­-бөлі­гінің «в» тармақтарында көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы та­ғайындалды. Қазақстан Республи­ка­сы­ның 2011 жылғы 28 желтоқ­сандағы «Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттік тәуелсіз­­дігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы­ның 4-бабының негізінде А.Мұ­найтпашев жаза өтеуден босатылды. А.Мұнайтпашевқа қол­даныл­ған бұлтартпау шарасы «еш­қайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қал­дырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.

24. Е.Әбдірахманов ҚР ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің «а,в» тармақ­тарында көзделген қылмыстық әре­кеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостанды­ғынан айыру жазасы тағайын­далды. Қазақ­стан Республика­сы­ның 2011 жылғы 28 желтоқсан­дағы «Қазақстан Рес­публикасы мемлекеттік тәуелсізді­гінің жиырма жылдығына бай­ланыс­ты ра­қым­шылық жасау туралы» Заңы­ның 4-бабының негізінде Е.Әб­дірахманов жаза өтеуден босатылды. Е.Әбдірахмановқа қолда­ныл­­ған бұлтартпау шарасы «қа­мауға алу» бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.

25. Н.Асқарұлы ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде, 175-бабы 2-бөлігі «в» тармағымен көз­дел­ген қылмыстық әрекеттерді жа­сағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

26. М.Қосбармақов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

27. Б.Непесов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

28. Ж.Бесмағамбетов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көз­делген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостан­дығынан айыру жазасы тағайын­далды. Ол жазасын жалпы режім­дегі түзеу колониясында өтейді.

29. Қ.Еділов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ға­ны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

30. М.Аминов ҚР ҚК-нің 2­41-бабының 2-бөлігінде, 1­75­-ба- ­бы­ның 2-бөлігі «в» тармағымен көз­делген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

31. Т.Сақтағанов ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

32. Т.Қалиев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көз­дел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

33. Ш.Өткелов ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

34. М.Досмағамбетов ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көз­делген қылмыстық әрекеттерді жа­сағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

35. Н.Жарылғасынов ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

36. Қ.Жүсіпбаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көздел­ген қыл­­­­мыстық әрекеттерді жаса­ға­ны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл­ға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

37. Р.Түлетаева ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көздел­ген қылмыстық әрекеттерді жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.

Сот талапкерлердің азаматтық талаптарын қанағаттандыру құқы­ғын танып, залалды өндіру мәселесі азаматтық соттың қара­уына берілді.

Сот үкімімен келіспеген тараптар 15 күн ішінде Маңғыстау об­лыс­тық сотының апелляциялық сот алқасына шағым немесе нара­зылық келтіруге құқылы.

____________________________________

 

Сарапшылар сөзі

Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтаудағы сот отырысының жұмысына қатысты өз ойын Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов былай деп білдірді:

Жаңаөзен қаласындағы оқиға салдары қай­ғылы жағдайға соқтырды. Ғимараттар өртеніп, кәсіпкерлердің дүние-мүліктері талан-таражға түсті. Сондықтан мұның бәрін қасірет деп өкініш білдіреміз. Енді осы оқиғаға байланысты сот үкімі де шықты. Сотталып жатқан адамдар сырттан келген жаудың балалары емес. Олар да еліміздің азаматтары. Мұнайшылар, яки полиция қызмет­керлері болсын, кәсіпкерлер, әкім­діктегі азаматтар болсын, олардың барлығы да өзіміздің бауырларымыз екендігі сөзсіз. Олардың әрқай­сысының отбасы, бала-шағалары бар. Міне, бұлардың да бірқатарына заңға сай тиісті сот шешімдері шықты.

Заң жүзінде осы шешімдердің бәрі де қажет. Өйткені, біз еліміздің, мемле­кеті­міздің, балала­рымыздың болашағын ойлайтын болсақ, соттың шығарғандай шешімдеріне баруымыз дұрыс. Ол келешек үшін қажет. Бұл оқиғаны кім ұйым­дастырды, бұзақылыққа кім шақырды, солардан бастап кінәлілер түгел сотталуы тиіс. Себебі, елдің заңын ешкімге де бұзуға болмай­тындығына бәрінің көзі жетуі керек. Біреуді біреу өлтіруге, то­науға, ұрып-соғуға, дүние-мүліктерін тартып алуға, бүлдіріп, қиратуға, өртеуге еш қақысы жоқ. Егер мұндай жағдай орын алса кім кімде жауап беруге тиіс. Сондықтан мұндай жағдайларда соттың дұрыс шешімдері өте қажет.

Ал сот отырыстарының қалай өтіп жат­қандығын бұқара халық көріп, біліп отыр. Оны бастан-аяқ шетелдік сарапшылар, халықаралық бақылаушылар, бұқа­ралық ақпарат өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, түрлі қоғамдық ұйым­дар өкілдері бақылады. Екі тараптың да тума-туысқандары, қорғаушылар қатысты. Сон­дықтан өткен сот процестерінің жариялы, ашық жүр­гізілгеніне жұрттың бәрі куә деп есеп­теймін.

Ақпарат және талдау орталы­ғы­ның директоры Толқын Сәметова:

Жаңаөзен оқиғасы, сарапшылардың басым бөлігінің мәлімдеуінше, еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайға айтарлықтай әсер етуге тиіс болатын. Уақыт және қоғамдық-саяси жағдайды өлшеу өз нәтижелерін көр­сетті. Жалпы, тұрғын­дардың 85 пайыздан астамы аталған оқиға жөнінде хабардар болған екен, ал негізгі ақпа­рат көздері ретін­де, әрине, БАҚ болды. Енді сот шешім­де­ріне негізделе отырып саяси сана деңгейінен орын алған оқиғаға баға беру дең­гейі байланысты болмақ. Әрине, жеткіліксіз ақпарат алғандықтан күмәнданушылар мен жалпы билікті сынаушылар және мұнай­шыларды жақтаушылар сотқа дейін жеткілікті болған еді. Бірақ біз, ашық сот оты­рысының куә­герлері болдық, оған халықаралық бақылау­шылардың қатысуларымен қатар, қоғамдық бақы­лау мен қоғамдық сараптау тетіктері қолда­нылды. Қоғамның, билік тармақтары қызметтерінің нақты бөлінуі арқылы қа­лыптасу процесі, Жаңаөзен негізінде, халықтың билікке деген сенімін арттыра түсті және жағымды өзгерістер орын алуда деп білемін.

Мемлекеттік тілді Президенттік дамыту қорының директоры Азат Шауеев:

Ақтаудағы сот процесі басынан бастап ашық режімде жүргізілді. Бұқаралық ақ­парат құралдары үшін арнайы зал жаб­дықталды, мүдделі тараптар үшін бейне монитор орнатылды. Ал сотталу­шы­лардың тума-туысқандары сот процесіне тікелей қатысты. Міне, осылайша сот талқылау барысын бұқаралық ақпарат құралдары мен халық­аралық және қазақстандық қауым­дастықтың өкілдері толықтай бақылай алды. Демек, менің ойымша, процесс барысы шынайы жарияланып, сот тал­қылауына мүдделі жандардың бәрі қатысты. Осылайша ең бас­ты қағида – транспаренттілік сақталды.

«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бі­рінші орынба­сарының міндетін атқа­рушы Мұханбет Жүнбасов:

Сот процесі күрделігіне орай ұзақ уақытқа созылды. Енді соттың бұл оқиғаны қарау бойынша талқылау барысына төменгі инстанция нүкте қойды. 37 адамға сот үкімі шықты. Оның ішінде 24 адам қамаудан босатылды. Олардың бірқатары кінәсіз деп табылып, бірқатарына рақымшылық жасалса, енді біреулеріне шартты сынақ мер­зімдері тағайындалды. Ал қалған 13 адам түрлі дәрежедегі жазаларға кесіліп, 4,5,6 жыл мер­зімдерге сотталды. Бұлардың бәрі жаппай тәртіп­сіздіктерге қатысқандар болып табылады.

Мен бұл соттың шешіміне, елдің азаматы ретінде де, Елбасы құрған тәуелсіз респуб­ликалық комиссия төрағасының орынбасары ретінде де біржақты пікір айта алмаймын. Бұл мемлекет атынан шығарылған соттың өз шешімі. Сот біздің елімізде тәуелсіз. Сондықтан ол тек еліміздің Конс­титуциясының талаптары мен заңдарын арқау ету арқылы ғана өз пайымдарына сүйенеді. Осылайша жоғарыдағы сот ше­шімі шықты, ол шешімді біз қабыл­дауымыз қажет.

Бірақ біз алдан әлі үмітімізді үзбеуіміз керек. Алда әлі апелляциялық, кассациялық және Жоғарғы Сот сатылары бар. Міне, осы сатыларда мына сотталған адамдардың қорғаушылары олар­дың жазасын әлі де жеңілдетуге тырысулары керек деген қоры­тындыға келдім. Сонымен қатар, өзімізді құқықтық мемлекет деп әлемге жария­лаған екенбіз, ендеше, бәріміз де ортақ тәртіпке бағынуымыз керек.