• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2019

Кезектен тыс сайлау – биліктің табысты транзитінің кепілі

942 рет
көрсетілді

2019 жылы 9 сәуірде бүкіл халық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуін тыңдады.
«Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» заңды тұлға­лар бірлестігі (ЗТБ)  мүшелері осы Үндеуді талқылап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін толық қолдады. Кезектен тыс сайлау биліктің табысты транзитінің кепілі болады деп есептейміз. Себебі белгісіздіктің осы қысқа кезеңінде көптеген үдерістер  тежеледі, бұл азаматтық сектордың көптеген институттарына толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Алдағы сайлау азаматтық қоғам мен Елбасы негізін қалап кеткен мемлекет арасында тығыз байланыс орнауының алғашқы кезеңі болатынына біз сенімдіміз. Кезектен тыс сайлау өткізу елімізде қандай да бір тұрақсыздықтың пайда болуына жол бермейді. Бұл қоғамның барлық жүйелерінің толыққанды жұмыс істеуі мүмкін болмайтын қоғамдық тұрақтылықты, еліміздегі ұлтаралық ынтымақтастықты сақтауға көмектеседі. Әрине заңды түрде сайланған Мемлекет басшысының ұзақ мерзім жұмыс істеуі ел азаматтарының әл-ауқатының өркендеуіне бағытталған үкіметтік емес сектордың жұмысы нәти­желілігінің өсуіне кепілдік болады. Барлық кезде халыққа айқындық пен анықтық қажет болатыны рас. Қазір біз айқындыққа кезектен тыс сайлау өткізу арқылы ғана қол жеткіземіз. VIII Азаматтық форумда азаматтық қоғам­ды дамытуға мүлдем жаңа көз­қарас қажет екендігі анықталып, оны дамы­тудың жаңа тұжырымдамасын әзір­леу туралы шешім қабылданды. Белгілен­ген мақ­саттарды табысты іске асыру қазақс­тан­дықтардың Мемлекет басшысын түп­кілікті таңдауынан кейін ғана мүмкін болады. Біз Елбасының алға қойған даму бағытын әрдайым және толық көлемде қолдаймыз және жаңадан сайланған ел Президентімен қайта құру бағыты табыс­ты жалғасатынына сенімдіміз. Жаңа Президентті сайлау ел экономи­касының әрі қарай дамуына жаңа серпін береді. Бұл негізде қоғамның әлеуметтік мәселелері анағұрлым тиімді шешілетін болады. Біз мықты биліктің халықтық мандатпен заңды түрде және дер кезінде сайлануын қолдаймыз. Азаматтық қоғамның барлық инс­титуттарын Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанда кезектен тыс сайлау өткізу туралы үндеуін қолдауға шақырамыз.  Серік САНАУБАЕВ, «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» Қауымдастығы» ЗТБ Үйлестіру кеңесінің мүшесі ҚАРАҒАНДЫ