Өңделген өнімдер экспортының географиясы кеңеюде. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров «Шикізаттық емес экспортты ілгерілету және Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру барысы туралы» баяндамасында айтты.
Министрдің айтуынша, Қазақстан 2017 жылы 42 елге өңделген өнім экспорттаса, өткен жылы әлемнің 48 еліне экспорттады. Жаңа 6 ел: Швейцария, Жапония, Бахрейн, Малайзия, Болгария, Гана, Ливан.
«Өңделген АӨК өнімдерін дәстүрлі нарықтарға экспорттау көлемінің өскені байқалады, атап айтқанда Өзбекстанға экспорт - 32,4%-ға, Ресейге - 7%-ға, Қырғызстанға - 11%-ға, Тәжікстанға - 9,7%-ға, Молдоваға экспорт 40,1%-ға артқан, сондай-ақ, жаңа нарықтар саналатын Қытайға экспорт 57,5%-ға, Нидерландыға экспорт 130%-ға өскен», деді С. Омаров.