Алматыда жасөспірім қызға есірткі ұсынып, тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасөспірімнің анасының айтуынша, белгісіз ер адам қызды өзімен бірге кетуге үгіттеп, түрлі сөздер айтып мазалаған.
«Ол қызды өзімен бірге кетуге көндіруге тырысып, есірткі ұсынып, түрлі жағымды сөздер айтқан. Қыз айламен одан қашып құтылды, бірақ оның орнында кез келген басқа қыз болуы мүмкін еді», деп жазды қыздың анасы әлеуметтік желіде.
Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды
Жазбада ер адамның қыз отырған орындықтың маңында ұзақ жүргені, кейін қасына келіп отырғаны айтылған. Қыз бала ер адамның сөздерін дауыстық хабарлама ретінде жазып үлгерген.
Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталғанын хабарлады. Алайда ол әлі ұсталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция оны ұстау бойынша шаралар жүргізіп жатыр.
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Сонымен қатар полиция тұрғындарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға және осыған ұқсас фактілер туралы бірден «102» нөміріне хабарлауға шақырды.
Нұрболат АМАНБЕК