Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:54
Президенттің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарыныңқызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығыжарияланғаны баршаға аян. Біздің елімізде мұндай аса маңызды шаратәуелсіздік алғаннан бері бірінші рет жүзеге асырылмақшы. ПрезидентЖарлығындағы көрсетілген кезектен тыс аттестаттаудың негізгімақсаты – бизнес пен қоғамның қолдауына жауап беретін қазіргі заманталабына сай келетін жоғары дәрежелі құқық қорғау жүйесін құру,кадрлық әлеуетін қалыптастыру болып отыр.
Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:54
Президенттің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарыныңқызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығыжарияланғаны баршаға аян. Біздің елімізде мұндай аса маңызды шаратәуелсіздік алғаннан бері бірінші рет жүзеге асырылмақшы. ПрезидентЖарлығындағы көрсетілген кезектен тыс аттестаттаудың негізгімақсаты – бизнес пен қоғамның қолдауына жауап беретін қазіргі заманталабына сай келетін жоғары дәрежелі құқық қорғау жүйесін құру,кадрлық әлеуетін қалыптастыру болып отыр. Кезектен тыс аттестаттаунегізінде құқық қорғау органдарын өздерінің беделін түсіргенқызметкерлерден тазарта отырып, өз қызметіне адал кәсібимамандарды іріктеудің тиімді тетіктерін құру, құқық қорғауоргандарының кадр саясатын заман талабына сай сапалы түрде жолғақою, осылайша оларға деген халықтың сенімін арттыруды жүзегеасыру болып отыр.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс сынақтан өткізу барысында оның қызметіне адалдығы, кәсіби білімінің талапқа сәйкестігі, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ өзге де пайдакүнемдік теріс іс-әрекеттерімен байланысының болмауы, заңдылық пен құқық тәртібін сақтауға деген жауапкершілік сезімі жан-жақты таразыға түспек. Ең бастысы, құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын әрбір азаматтың кәсіби білімі атқаратын лауазымына сәйкес болғаны жөн. Құқық қорғау органдарында қызмет атқаратындардың кейбіреуінде 2-3 жоғары мамандық алғандығын куәландыратын дипломдары жетерлік. Қазіргі заманда кәсіби білім дәрежесі алған атақпен, шенмен немесе диплом санымен емес, нағыз терең біліммен, жоғары сауаттылықпен, құқықтық саясатты терең меңгергендігімен, жоғарғы құқықтық мәдениеттілікпен өлшенетіні баршаға аян. Өйткені, біз өркениетті елдер қатарына қосылған, құқықтық мемлекет құрушы елміз. Құқықтық мемлекеттің құқық қорғау органдарының қызметкерлері де заман және заң талабына сай келетін құқықтық білімі мол көрнекті жандар болуы қажет. Кезектен тыс аттестаттаудан өткізу кезінде осындай кәсіби талаптарға сәйкестілік басты назарда ұсталатыны ақиқат.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия Елбасы Жарлығымен бекітілген. Онда осы комиссияның құқықтық мәртебесі, өкілеттігі, аттестаттаудан өткізу қағидалары, міндеттері және қызметін ұйымдастыру мәселелері нақтыланған. Сонымен қатар, сынақтан өтетін қызметкердің шағымдану тәртібі арнаулы ережеде айқындалған. Мұның өзі кезектен тыс сынақтан өткізудің әділетті, заң талабына сәйкес өткізілуіне зор мүмкіндіктер жасалып отырғандығын көрсетеді.
Кезектен тыс аттестаттаудың пайдалы, тиімді жақтары көп. Өйткені, адам, қоғам, мемлекет мүддесіне қызмет ететін осы сала қызметкерлерінің жауаптылығы арта түседі. Қоғам мүшелері де олардың атқаратын қызметінің мазмұнын терең түсінумен бірге, оларға деген құрметтің бүгінгіден де арта түсуіне қолайлы мүмкіндіктер жасайды.
Құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлемде зор беделге ие. Ендеше, адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғауда, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуда құқық қорғау қызметкерлерінің атқаратын қызметі ерекше. Құқық қорғау қызметкерлері мемлекеттік билік өкілдері болып табылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда, олар мұндай жауапты қызметте терең білімімен, үлгілі тәртібімен өз ісіне берілгендігін, кәсіби деңгейінің жоғары екендігін көрсете білуі шарт.
Біздіңше, комиссия құрамында қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, заңгер-ғалымдардың, бұқаралық баспасөз құралдарының өкілдері де болғаны өте дұрыс. Өйткені, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби-білім деңгейіне заңгер-ғалымдар баға берсе, қоғамдық ұйымдар мен саяси партия өкілдері сынақтан өтетін қызметкерлердің жұртшылық алдындағы беделін анықтауға жәрдемдеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, тек 2010 жылдың өзінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшін 71 құқық қорғау қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалған екен. Олардың 56-сы ішкі істер, 3-уі қаржы полициясы, 3-уі кеден, 2-уі төтенше жағдайлар органдары қызметкері. Осы жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты 109 қылмыстық іс қозғалған. Оның 89-ы ішкі істер органы, 32-сі қылмыстық атқару жүйесі, 18-і кеден органы, 11-і қаржы полициясы, 18-і Төтенше жағдайлар министрлігі, 3-уі ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлеріне қатысты көрінеді. 2010 жылы жекелеген азаматтардан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің зорлық-зомбылық әрекеттеріне жол берілгені үшін 263 арыз-шағым ресми түрде тіркелген.
Арықбай АҒЫБАЕВ,
заң ғылымдарының докторы, профессор.
Алматы.